Астанада Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Астанада Абай даңғылы мен Ә. Сембинов көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шектеулер мына уақыт аралығында енгізіледі:
2 маусым күні сағат 22:00-ден 3 маусым күні сағат 08:00-ге дейін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.