Астанада бірқатар көше қиылысы уақытша жабылады

Астанада орташа жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 31 мамыр мен 1 маусымы аралығында бірқатар қиылыста көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік қозғалысы мына көшелердің қиылысында жабылады:
– С. Шәймерденов және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысында;
– С. Шәймерденов және А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.