«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде архивтерді зерттеу және қасиетті жерлерді танымал ету туралы меморандумға қол қойылды

«Рухани жағыру» жобалық кеңсесі «Мемлекет тарихы институтымен» және Ұлттық музей жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Құжатқа «Архив-2025» және «Сакралды Қазақстан» жобалары шеңберіндегі бірлескен жұмыс мақсатында қол қойылды.
«Тарихтың жетіспейтін фрагменттерін қалпына келтіру үшін отандық және шетелдік архивтердегі іргелі зерттеулер бағытында «Архив-2025» арнайы жобасы жүзеге асырылуда. «Қасиетті Қазақстан» жобасы ұлттық-идеологиялық деңгейді көтеру, Қазақстанның қасиетті және тарихи жерлері мен нысандарын таныту мақсатында жүзеге асырылуда», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Меморандум аясында Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жағыру» жобалық кеңсесі мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштерін таныту бойынша белсенді жұмыс жасайды. Сондай-ақ отандық және шетелдік архивтерге терең ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.