Астанада 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Астана қаласында ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.