Астанада Ақбидай көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ақбидай көшесінің Өндіріс көшесінен Көкше Кеменгерұлы көшесіне дейінгі учаскеде жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаске 6 және 7 қыркүйекте қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Қызмет бағыты