Құрылым

Астана қаласы "Есіл" ауданы әкімінің аппараты

«Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі  Астана қаласы «Есіл» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.

Толығырақ

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Аудан халқы – 238 мың адам.

Ауданның жалпы ауданы 18 129 га құрайды, аудан шекарасына «Өндіріс», «Кирпичный», «Казгородок» тұрғын алаптары және «Қоянды» саяжай алабы кіреді.

Толығырақ

Астана қаласы «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты

«Астана қаласының «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы «Сарайшық» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады. Аппараттың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ. Аппарат қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Аппараттың миссиясы - Астана қаласының «Сарайшық» ауданы аумағында қоғам мүдделерімен, даму қажеттіліктерімен үйлестіру, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

Толығырақ

Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппараты

Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімі аппараты әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Аппарат қызметінің негізгі мақсаты – Астана қаласы «Нұра» ауданы аумағының мүддесі мен тұтынымына сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

Толығырақ

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты

«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы «Алматы» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Толығырақ

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты (әрі қарай - Аппарат) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аппарат қызметінің негізгі мақсаты – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағының мүддесі мен тұтынымына сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

Аудан аумағы 6 775 га., аудан халқы – 340 мың адам. Аудан аумағы – «Көктал-1», «Көктал-2» және «Агроқалашық» іргелес тұрғын алаптары болып белгіленеді.

Толығырақ

Телефон:

55-64-91

Электрондық пошта:

zh.shaukentayev@astana.kz