Исламдық қаржыландыру

Описание

Қаржылық дағдарыс ғаламдық экономиканың рецессиясына әкеп соқтырған дүниежүзілік қаржылық жүйенің мәселелерін анықтады.  Қаржылық дағдарыстың пайда болуына қаржылық нарықтың екіжақты қадағалануы мен жалған капиталдың жасақталуы септігін тигізді. Дәстүрлі қадағалау мен реттеу жүйесінен тыс пайда болған жаңа қаржылық құралдар мен институттардың қалыптасуы нақты активтерге негізделмеген ақша массасының пайда болуына әкелді.  Күрделі схемалар арқылы жасалып, реттелетін қаржылық капитал экономиканың нақты секторындағы өндірістің көлеміне сәйкес келмейтін виртуалды капиталға айналды. Қаржылық ресурстар нақты тауарлар мен материалды құндылықтарды қамтамасыз етудегі негізгі мақсаттарын жоғалтты. Бұл өз ретінде спекулятивті капиталдың өсімі мен дүниежүзілік экономиканың дамуындағы дисбаланстың пайда болуына әкелді. Мәселен, Халықаралық есептесу банкінің мәліметі бойынша 2008 жылдағы дүниежүзілік деривативтердің биржадан тыс нарығының көлемі 591,9 трлн. АҚШ долл. құраған, бұл дүниежүзілік жалпы өнімнен 9,5 есе артық еді (62,2 трлн. АҚШ долл.), басқа сөзбен айтқанда, деривативтердің тек 10% ғана нақты экономиканы қамтамасыз еткен.

Осылайша, нақты өндіріс процессімен және нақты активтермен қамтамасыз етілген тиімді қаржылық жүйені қалыптастыру мұқтаждығы пайда болды. Бұл жерде өндірістік процеспен тікелей байланысқан және пайда болған тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік беретін исламдық қаржыландыру ерекше рөлге ие болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс екендігін айқындаған.

Заңнамалық негіз

2009 жылдың 12 ақпан күні Қазақстан ТМД мен Орталық Азияда ислам банкингі мен қаржы туралы заңды қабылдаған бірінші ел болды. Азаматтық және Салық кодекстеріне, Банктер және банк қызметі туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға және т.б. тиісті түзетулер енгізілді.

Исламдық қаржылық құралдарды енгізудегі негізгі өзгерістерҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңынатиесілі. Бұл өзгерістер ислам банктерінің жұмыс істеуінің заңнамалық негізін қалауға, ислам банктерін енгізудегі шектеулерді жоюға, мемлекет тарапынан реттеу мен қадағалау тәсілдері мен әдістерін және ислам банктерінде операцияларды жүзеге асырудағы реті мен тізбесін анықтауға бағытталған.  

Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңынаенгізілген өзгерістер ислам бағалы қағаздарын (сукук) шығару мен айналдыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы «Инвестициялық қорлар туралы» Заңынаенгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстанда исламдық инвестициялық қорлар ашуға болады. Исламдық инвестициялық қорлардың акциялары мен пайлары сол сияқты «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңда ислам бағалы қағаздары ретінде қарастырылады.

Ислам бағалы қағаздарын шығару және Қазақстанның қор нарығына айналысқа жіберу мақсатында«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландырудыұйымдастыру мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының2011 жылғы 22 шілдедегіЗаңықабылданды. Осы Заңмен мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруға құқық беріледі, сондай-ақ ислам корпоративті бағалы қағаздарының эмитенттерінің  тізімі кеңейтілді.

Осылайша, ислам банктерінің қызметі мен ислам бағалы қағаздарын шығаруға негізгі талаптар орнатылды (пайыз түрінде сыйақы төлеу, ислам қағидаларына қайшы келетін қызметтерді қаржыландырмау, исламдық банктерде міндетті түрде Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің болуы, ислам бағалы қағаздарын шығаруда ислам арнайы қаржы компаниясының құрылуы). 

Ислам банктерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы мен өндірістік және саудалық қызметін жүзеге асыруда банктік қызметтен басқа қызметпен айналысуға шектеулер қойылмаған. Солайша, ислам банктеріне саудалық операцияларға қатысуға және өз клиенттерімен пайда мен шығындарды бөлісуге рұқсат етілген.

Сонымен қатар, келесідейислам банктік өнімдерқарастырылған:

  • жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді  қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
  • жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
  • банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
  • кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру:
    - коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
    - заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
  • лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
  • ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік.

Ислам бағалы қағаздарына:

  • ислам инвестициялық қорларының акциялары мен пайлары;
  • исламдық жалдау сертификаттары;
  • исламдық қатысу сертификаттары;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ислам бағалы қағаздары болып танылған өзге де бағалы қағаздар жатады.

Корпоративті ислам бағалы қағаздарының эмитенттері болып Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлғалар бола алады.

Сонымен қатар, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат етілген. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттi aтқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган ислам бағалы қағаздарының эмитентi болып табылады, ол осындай мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының көлемдерiн, мерзiмдерiн және шарттарын айқындайды.

Ислам банкингінің өнімдеріне қатысты бөлек салықтық тәртіп әрекет етеді (қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылған).

Халықтың ислам бағалы қағаздарына инвестициялау мүмкіндігіне жетуін ұйымдастыру мақсатында «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ исламдық қаржылық құралдармен мәмілелер бойынша электронды бұйрықтарды өңдеу үшін төлем алынып тасталды.    

Сол сияқты, исламдық қаржыландыруды дамыту мақсатында «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінде «ислам бағалы қағаздары» атты бөлек сектор құрды.  

2015 жылдың 27 сәуіріндеҚазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңынақол қойылды. Бұл Заңда «исламдық сақтандыру» ұғымын енгізу, такафул исламдық сақтандыру мəселелерін реттеу, тауар мурабахасын ислам банктерінің банк операциясы ретінде тану, осындай операцияларды салықтық басқару, сондай-ақ олардың вакала операциясының (депозиттер қабылдау) жүзеге асырылу тəртібі және ислам лизингі қарастырылған.

2015 жылдың 24 қарашасындаҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.Осы Заңмен егеменді ислам бағалы қағаздарын шығару құрылымын жетілдіру мен дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру процедурасы қарастырылған.

Исламдық қаржыландыру операцияларының бухгалтерлік есебі бойынша норамтивтік база ислам банктері мен ислам арнайы қаржылық компанияларының есеп жобаларына (исламдық қаржыландыру операцияларын есепке алу үшін арнайы баланстық шоттар) және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп құрудағы нұсқаулығына толықтырулар енгізуді көздейді. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп бойынша заңнамалық база Исламдық Қаржылық Институттар үшін Есеп және Аудит Ұйымының  (AAOIFI) стандарттары, ХҚЕС (МСФО) жалпы принциптері  негізінде құрастырылған.

Дәстүрлі банкті конвертациялау нысанында исламдық банкке қайта ұйымдастыру мүмкіндігі көзделді және банкті  конвертациялау нысанында исламдық банкке ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі және рұқсат беруден бас тарту негіздері «Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен айқындалды.

Даму хроникасы

  • 2009 жылдың 12 ақпанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;
  • 2009 жылдың 7 маусымда «Қазақстан Республикасы Үкіметімен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында ислам банкін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Осы Заң Қазақстандағы бірінші ислам банкі «Al Hilal Bank» АҚ ашылуына себепші болды;  
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауынан:«...Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен  Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы  жетекші  қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс».
  • Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 Жарлығымен мақұлданған«...Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және исламдық қаржыландыру қор нарығын дамытуда маңызды рөл атқаратын болады... Қазақстанның толыққанды қор нарығын қалыптастыру және оның халықаралық капитал нарығымен ықпалдасуы шеңберінде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы одан әрі дамитын болады. Стратегиялық перспективада мемлекет халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Алматы қаласының бәсекеге қабілетті қаржы орталығын дамыту және оның Азиядағы жетекші 10 қаржы орталығының тобына кіруі үшін қажетті жағдай жасайды ... 2020 жылға қарай отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады».
  • Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 923 Жарлығымен мақұлданған:«...Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады... Ресурстарды тартудың қосымша көздерінің бірі ретінде исламдық қаржыландыру одан әрі дамиды».
  • 2011 жылдың 28 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Астанада өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясындағы сөйлеген сөзі :«Қазақстан өзінде Ислам банкін ашты. Біз Қазақстанда ислам қаржы­лан­ды­руы мен өңірлерде исламдық қар­жы­ландыру құралдарының бенчмаркингін құруды белсенді түрде алға жыл­жытудамыз... Алматыны ислам қаржыландыруын қол­данатын өңірлік қаржы орталығы ре­тінде дамытуды жалғастырамыз».
  • 2010 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен басқа мемлекеттік органдармен қоса Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды 2010-2012 жылдар аралығында дамыту жол картасы бекітілді;
  • 2011 жылғы 20 қазанда Елбасының Қазақстандағы исламдық қаржы жүйесін дамыту бойынша № 61-17.307 тапсырмалары жарияланды;
  • 2011 жылғы 17 қарашада Ұлттық Банк Исламдық қаржыландыру қызметтерін көрсету жөніндегі кеңеске (Islamic Financial Services Board) Қауым­дасқан мүшесі ретінде қабылданды;
  • 2012 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің   № 371 қаулысымен Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасы бекітілді;
  • 2012 жылғы 20 шілдеде «Қазақстан даму банкі» АҚ Малайзия заңнамасына сәйкес жалпы сомасы 240 миллион малайзиялық ринггит (шамамен 76,7 млн. USD) болатын орта мерзімді бағалы қағаздар (Сукук «аль-Мурабаха») шығарды. Оның 38% қазақстандық инвесторлар арасында таратылды;
  • 2014 жылғы 1 маусымда исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатымен Ислам Даму Банкінің Ұлттық Банкке техникалық көмек (грант) көрсетуі жайлы келісімге қол қойылды;
  • 2014 жылғы 1 маусымда ҚРҰБ пен Ислам Даму Банкі Тобы арасында Өзара түсінушілік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
  • 2014 жылғы 1 маусымда исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатымен Ислам Даму Банкінің ҚРҰБ техникалық көмек (грант) көрсетуі жайлы келісімге қол қойылды;
  • 2014 жылдың 16-19 маусым аралығында ҚРҰБ Islamic Finance Services Board ұйымымен бірлесіп «Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың дамуының келешегі» атты тақырыпта ТМД және ЕврАзЭҚ мемлекеттеріне арналған семинар мен практикум өткізді;
  • 2014 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласында Исламдық қаржыландыруды дамыту ассоциациясы ҚРҰБ қолдауымен Қазақстандық Ислам қаржыландыру конференциясын өткізді;  
  • 2014 жылғы  маусым айында ҚРҰБ IFSB-мен бірлесе отырып, «Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың даму болашағы» атты ТМД және ЕврАзЭҚ мемлекеттеріне арналған семинар мен практикум өткізді;
  • 2014 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Ислам Қаржыландыру Конференциясы (KIFC) өткізілді;
  • 2014 жылға қыркүйек айында ТМД мен ОА мемлекеттерінің қадағалау органдарына арналған «Исламдық қаржылық институттардың дамуы мен оларды реттеу» атты дөңгелек үстел өткізілді;
  • 2014 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Президентіне Жаһандық исламдық қаржылық марапаттау (Global Islamic Finance Awards – GIFA)кезінде Исламдық қаржы аясындағы көшбасшылығы үшін премия берілді;
  • 2014 жылғы қазан айында ҚРҰБ Төрағасы Дүниежүзілік исламдық экономикалық форумының (WIEF) жұмысына қатысты, Дубай қ., БАӘ;
  • 2014 жылғы қараша айында Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігімен ҚРҰБ мен исламдық қаржылық институттарының өкілдеріне арналған «Исламдық қаржыландыру» атты семинар ұйымдастырылды;
  • 2014 жылғы желтоқсан айында ҚРҰБ Төраға орынбасары Дүниежүзілік ислам банктік конференцияға (WIBC)  қатысты, Манама қ., Бахрейн;
  • 2014 жылғы желтоқсан айында  ҚРҰБ Исламдық қаржылық институттарға арналған бухгалтерлік есеп және аудит  ұйымына (AAOIFI) және Халықаралық исламдық қаржылық нарық ұйымына  (IIFM)мүше болып кірді;
  • 2015 жылғы ақпан айында ҚРҰБ CIBAFI ұйымымен бірглесе отырып, "Certified Islamic Banker" семинарын Алматы қ. өткізді;
  • 2015 жылғы наурыз айында ҚРҰБ Дауд Бакарды шақырумен өткен исламдық қаржыландыру бойынша семинар өткізді;
  • 2015 жылғы сәуір айында Ислам Даму Банкінің техникалық көмегі шеңберінде ҚРҰБ дүние жүзіндегі жетекші консалтингтік компаниялардың бірімен келісімге қол қойды;
  • 2015 жылғы сәуір айында исламдық сақтандыру, лизинг және банкинг мәселелерін қарастыратын Заңға қол қойылды;
  • 2015 жылғы мамыр айында Ұлттық Банкпен Алматы қаласында IFSB Саммит 2015 өткізілді;
  • 2015 жылғы мамыр айында Ұлттық Банкпен ИҚДА-мен бірлесіп исламдық қаржыландырудан брошюра шығарылды;
  • 2015 жылғы маусымда Ұлттық Банкпен IRTI-мен бірлесіп Астана және Алматы қалаларында исламдық қаржыландырудан семинарлар өткізілді;
  • 2015 жылғы тамыз айында Ұлттық Банк ИҚДА-мен бірге Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған семинар өткізді;
  • 2015 жылғы қарашада егеменді ислам бағалы қағаздары мен дәстүрлі банктерді ислам банктеріне айналдыру мәселелерін қарастыратын Заң қабылданды;
  • 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президентінің исламдық қаржыландыру туралы сұхбаты Isfire журналында жарыққа шықты;
  • 2015 жылғы желтоқсанда IRTI, Thomson Reuters және CIBAFI-мен бірлесіп дайындалған Kazakhstan Islamic Country Report Дүниежүзілік ислам банкингінің конференциясы аясында Манама қаласында жарияланды   
  • 2017 жылғы тамызда «Заман-Банк» ислам банкі» акционерлік қоғамына ислам банкінің банк және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілді