Шетелдік банктерге Қазақстанның қаржы нарығына кіруі үшін жағдайлар жеңілдетіледі

Шетелдік банктерге Қазақстанның қаржы нарығына кіруі үшін жағдайлар жеңілдетіледі

Қазақстандашетелдікбанктердіашужөніндегіталаптарды ырықтандыруғабағытталғантүзетулерқабылдаужоспарлануда.БұлтуралыҚаржынарығынреттеужәнедамытуагенттігініңТөрағасыМәдинаӘбілқасымоваПарламентМәжілісініңжалпыотырысындабаяндама жасау барысындамәлімдеді.

МәдинаӘбілқасымоваМемлекетбасшысы2023жылғы1 қыркүйектегі Қазақстан халқынаЖолдауындаелімізгеүшсенімдішетелдікбанктітартужәнебанксекторындағы бәсекелестіктіарттырутуралыміндетқойғанын атап өтті.

ҚазіргіуақыттақолданыстағызаңнамашеңберіндешетелдікинвестордыңҚазақстанныңбанкнарығынакіруікөзделгенжәнеҚазақстанныңДСҰ-ғакіруішеңберінде2020жылышетелдікбанктіңфилиалынашубойыншаталаптарбелгіленген.

 «Шетелдік инвесторларға арналған талаптарды ырықтандыру мақсатындашетелдікбанктіашуғарұқсаталуүшінқұжаттартізбесінқысқартукөзделеді.Құжаттарсанышетелдікбаскомпанияның  рейтингінебайланыстыболады.

Мысалы, шетелдік банктің рейтингі «BB-»-тен «А-»-ке дейін болса, еншілес банкті ашуға арналғанқұжаттарсаны24-тен17-ге дейін, алфилиалашу үшін –20құжаттан 10 құжатқа дейінқысқартылады. Рейтингі «А-»-тен         бастап және одан жоғары рейтингі барбанктерүшінқұжаттарсанытиісінше 10 құжаттан8  құжатқа дейінқысқартылады.

Сонымен бірге шетелдік инвесторлардың ауқымды санын тарту үшін Заң жобасында филиалдар құру кезіндешетелдік банктің активтеріне қойылатын талаптар20 млрд АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейінтөмендетіледі», – деп хабарлады Агенттік басшысы.

Сонымен бірге Агенттік Төрағасышетелдік банктердің филиалдары үшін рұқсат етілген қызмет түрлері кеңейтілетінінатап өтті. Филиалдардың қызмет түрлері шетел валютасымен айырбастау операцияларын, кастодиандық қызметті, трансфер-агент қызметін жүзеге асыру, синдикатталған қаржыландыруға қатысу, төлем карточкаларын шығару сияқты операциялармен толықтырылады.

«Екінші кезеңде шетелдік банктіңбанктік лицензия алуға арналған құжаттар тізбесіде 50 құжаттан 7 құжатқа дейін қысқартылады. Көбінесе бұл құжаттар ішкі нормативтік құжаттарға жатады және оларды бекіту жөніндегі талаптар лицензия алғаннан кейінгі кезеңге ауыстырылатын болады», – деп түсіндірді Мәдина Әбілқасымова.

Заң жобасы шеңберінде Агенттік банктің директорлар кеңесінің мүшелері үшін басшылық өтілдің болуы жөніндегі талапты алып тастауды, сондай-ақ басшы лауазымдарға кандидаттар үшін микроқаржы ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесін ескеруді ұсынады.

«Шетелдік инвесторлардың отандық қор нарығына кіруін жеңілдету үшін Euroclear және Clearstream сияқтыхалықаралық есеп айырысу ұйымдарыныңҚазақстанның Орталық депозитарийіндетікелей шоттар ашумүмкіндігін белгілеу ұсынылады. Бұл Қазақстанның бағалы қағаздарына өз клиенттерінің меншік құқығын растауға және олардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Қор нарығындағы дефолттарды реттеу процесін оңтайландыру үшінклирингтік ұйымға брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығы беріледі»,– деп атап өтті Агенттік басшысы.

Мәдина Әбілқасымова корпоративтік облигациялар нарығын дамыту мақсатындақамтамасыз етілген облигациялар бойынша кепілгер болатын тұлғалардың тізіміұлттық басқарушы холдингпен және оның бақылауындағы заңды тұлғалармен,
сондай-ақ Қазақстанның орнықтылық қорымен толықтырылатынын атап өтті.

«Сақтандыру нарығын дамыту үшін сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірқатар бастамалар көзделген. Атап айтқанда, сақтандыру ұйымдарының IT-саласындағықызмет түрлері мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуұсынылады. Сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін автоматтандыру үшін бағдарламалық қамтылымды дербес әзірлей алады және оларға еншілес IT-компанияларды сатып алу құқығы беріледі», – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова.

Қаржы реттеушісінің басшысыФАТФ стандарттарына сәйкесжаппай қырып-жою қаруын таратуды, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың сақтандыру брокерінің капиталына қатысу (акцияларды иелену) бойынша талап белгіленетінін айтып өтті.

Мәдина Әбілқасымоватұтынушылардың құқықтарын қорғаудыодан әрі күшейтужәне қаржылық қолжетімділікті арттырушараларын ұсынды. Аталған түзетулерге Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашы болды.

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылады.

«Қаржы ұйымдарыныңмүмкіндігі шектеулі адамдарғабиыл 1 шілдеден бастап енгізілген Қаржы ұйымдары қызметтерінің  қолжетімділік жөніндегі ұлттық стандартын ескере отырып, қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету міндеті заңнамалық деңгейде енгізіледі.  Сондай-ақ қаржы ұйымдарынамүмкіндігі шектеулі адамдарменжұмыс істеудің ішкі тәртібін бекіту міндеті жүктеледі. Олар қаржы ұйымдарының қызметтерін алған кезде өздерінесенім білдірілген тұлғаны тағайындаумүмкіндігіне ие болады», – деп хабарлады Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік басшысы мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарды, сондай-ақтөтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардықосымша қорғау шараларының көзделгенін де атап өтті.

«Осы санатқа жататын азаматтар үшін берешекті реттеу кезінде қарыздар мен микрокредиттер бойыншатөлем мерзімін міндетті түрдекемінде 3 ай мерзімгекейінге қалдыру, сондай-ақай сайынғы төлемді50 және одан да көп пайызға азайту көзделеді.

Қарыз алушы-жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін банктік қарыздардымерзімінен бұрын өтегені үшін айыпақыалуға тыйым салынады. Микрокредитті қайтармағаны үшін айыпақыны қоспағанда, азаматтардың микрокредиттері бойыншакез келген айыпақы өндіріп алуға тыйымсалынады.

Банктік қарыз немесе микрокредит алу үшін жасалатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агентікомиссиясының шекті мөлшері  10%шегінде белгіленеді.

Тұтынушыларды мәжбүрлеп жүктелген қаржы өнімдерінен қорғау мақсатында, қаржы ұйымдарындақаржы өнімдерін әзірлеу мен енгізудіңішкі рәсімдерінің болу талабы енгізіледі», – деп хабарлады ҚНРДА Төрағасы.

Мәдина Әбілқасымова тұтынушылардың уақтылы кері байланыс алуы үшін қаржы ұйымдарының клиенттердің өтініштерін15жұмыс күніішінде қарау мерзімініңзаңнамалықтұрғыдан белгіленетінін атап өтті.

«Депутаттардың «Отбасы банкіне»Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндебілім беру кредиттерін ұсыну құқығын берутуралы ұсыныстары ескерілді», – деп хабарлады Агенттік Төрағасы.

Қаржы реттеушісінің басшысыкредиттік серіктестіктерде шешімдер қабылдау жеделдігінарттыру үшін кредиттік серіктестіктің жарғысын бекіту, оны қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелері бойынша кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының кворумына қойылатын талаптар жеңілдетілетінін атап өтті. Есеп саясатын қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктер кредиттік серіктестіктің Басқармасына беріледі. 

«Заң жобасының негізгі ережелері банк секторындағы бәсекелестікті арттыруға және оған инвестициялар тартуға, қаржылық қолжетімділікті арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы», «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтарын іске асыру үшін әзірленді. 

Қызмет бағыты