Агенттік басшысы Орталық депозитарийлер Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының жиналысында сөз сөйледі

Агенттік басшысы Орталық депозитарийлер Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының жиналысында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Орталық депозитарийлер Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының (АСG) 26-шы жалпы жылдық жиналысында құттықтау сөз сөйледі.

Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өтті және Азия-Тынық мұхиты өңірінің 40-тан астам елінен орталық депозитарийлердің, биржалық және клирингтік ұйымдардың 150-ден астам өкілдерінің басын қосты.

«Бүгінгі күні Қазақстанның Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан және басқа мемлекеттерді қоса алғанда, өңір елдерімен тығыз экономикалық қатынастары бар. Осыған байланысты тауар айналымы мен капитал қозғалысы үшін елдер арасындағы сапалы қаржылық инфрақұрылымды қамтамасыз ету маңызды.

Жаһандық қаржы жүйесін дамытудың ағымдағы жағдайларында Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Орталық Азия арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды құрудың стратегиялық маңызы бар. Бүгінде Қазақстанның қор нарығы мен қаржы жүйесі қарқынды дамып келеді. Акциялар нарығын капиталдандыру70 млрд АҚШ долларыннемесе елдің ІЖӨ-нің28%-ынқұрайды. KASE-де саудаға түсетін корпоративтік облигациялардың көлемі30 млрд АҚШ долларыннемесе ІЖӨ-нің12%-ынқұрайды. 5 жыл ішінде капитал нарығында тартылған қорландыру көлемі19 млрд АҚШ долларынқұрады.Бөлшек инвесторлардыңсаны3 млн-ғажуық, бұл олардыңбизнес үшін қаржыландыру көзіретіндегі маңызды рөлін көрсетеді», - деп атап өтті сөз сөйлеу барысында Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік басшысы Ұлттық Банкпен бірлесіпҚазақстан қор нарығының инфрақұрылымынЖаһандық капитал нарықтарының экожүйесінеинтеграциялаудықамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қазақстанда капитал нарығының инфрақұрылымын дамыту шеңберіндеОрталық депозитарийдің функционалы айтарлықтай кеңейтілді.Бүгінгі таңда Орталық депозитарий шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыра алады, оның платформасында биржадан тыс нарықта бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізу енгізілді, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымдарын тіркеу автоматтандырылды. Орталық депозитарий10шетелдік депозитариймен және кастодиандармен, оның ішіндеEuroclear, Clearstream, BNY Mellon және т.б.жетекшіЖаһандық депозитарийлерменмықты корреспонденттік және депозитаралық байланыстар орнатты.

Қазіргі уақытта Euroclear және Clearstream сияқты халықаралық есеп айырысу ұйымдарына Орталық депозитарийдетікелей шоттар ашуға,сондай-ақ банктергешот операторының қызметтерін көрсетугемүмкіндік беру жұмысы жүріп жатыр. Осылайша, Орталық депозитарий депозитарлық және банктік қызметтердің барлық түрі барөңірлік есепке алу-есептеу хабыболып табылады», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Соңғы жылдарыҚазақстан қор биржасының (KASE)сауда және есеп айырысу-клирингтік жүйелері жаңғыртылды,KASE Клирингтік орталығықұрылды, оның негізінде барлық нарықта – қор, валюта, ақша нарықтарында, сондай-ақ деривативтер нарығындаорталық контрагентенгізілді. Инфрақұрылымдық өзгерістер Қазақстан қор нарығының шетелдік инвесторлар мен халықаралық қоғамдастық үшін тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.MSCI мен FTSE-нің
2022 жылғы бағалауына сәйкес Қазақстан қор нарығының инфрақұрылымы«Emerging Markets» санатының сапалық өлшемшарттарынатолық сәйкес келеді.

Агенттік басшысыБҰҰ -ның Жаһандық климаттық күн тәртібінесәйкес мемлекеттіңқор нарығына орнықты даму қағидаттарыненгізуге елеулі күш жұмсап отырғанын атап өтті. Қазіргі уақытта «жасыл» қаржыландыруды дамытуды ынталандыру үшінбарлық қажетті заңнамалық және реттеу тетіктеріқұрылған.

«ҚазақстандаКөміртегі бейтараптығы жөніндегі 2060 жылға дейінгі стратегиясыбекітілді, жаңаЭкологиялық кодексқабылданды,«жасыл»таксономияенгізілді,«әлеуметтік» таксономияныенгізу жұмысы жүргізілуде. Қазақстан қор биржасында арнайыESG облигацияларының секторықұрылды, осы нарыққа шығатындардың барлығы үшін қосымша жеңілдіктер берілді. KASE-де шығарылған ESG облигацияларының көлемі4жылда1,3 млрд АҚШ долларынқұрады.2023 жылғы маусымнанбастап Агенттік Қаржы жүйесін экологияландыру жөніндегі қаржы реттеушілері Жаһандық желісінің(NGFS)мүшесі болып табылады», - деп хабарлады Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова. 

Қазіргі уақытта капитал нарықтары арасындағы өңіраралық байланыстарды қамтамасыз ету үшін Агенттік Ұлттық Банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп,ASEAN+3 Bond Market Forum-да бақылаушы мәртебесін алуға өтінім берді. Аталған маңызды алаң облигациялар нарықтарын дамытуда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

«БүгіндеАзияның өңірлік облигациялар нарығыәлемдегі ең ірі нарықтардың біріболып табылады және тереңдігі, сондай-ақ өтімділігі бойыншаелеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан облигациялар нарықтарын бірлесіп дамыту және интеграциялау мақсатында АСЕАН+3 елдерімен қарым-қатынастарды реттеуге және нығайтуға ниеттеніп отыр», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Өңір елдерімен одан әрі ынтымақтастық жасау капитал нарықтарыинфрақұрылымдарының өзара іс-қимылын жақсартуғажәне жаңа экономикалық әрі қаржылық байланыстар құруғақосымша қарқынбереді.

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz