Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық семинар туралы

Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық семинар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық семинарға қатысты

25-26 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі және Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразия тобы (ЕАТ) ұйымдастырған қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға  қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) бойынша семинар өтуде.

Семинардың жұмысына Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Төрағасы Жанат Элиманов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразия тобының (ЕАТ) Атқарушы Хатшысы Сергей Тетеруков, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Иран Ислам Республикасы қаржылық барлау органдарының өкілдері қатысты.

 

Семинардың мақсаты виртуалды активтерге және виртуалды активтер қызметтерінің провайдерлеріне, сондай-ақ қаржы мекемелерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей виртуалды активтермен байланысты қызметпен айналысатын басқа да есеп беретін субъектілерге қатысты ФАТФ стандарттарын іске асырудағы практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинар барысында АҚШ, Швейцария, Швеция, Беларусь, Ресей, Қытай, Жапония және Австралия реттеушілері ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату мақсатында виртуалды активтерді және виртуалды активтер қызметтерінің провайдерлерін пайдалануға жол бермеу бөлігінде қабылдаған нақты шаралар қарастырылды.

ҚНРДА Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов ФАТФ-тың ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен (АЖ/ТҚ) байланысты тәуекелдерге қарсы іс-қимыл жөніндегі стандарттарын іске асыру бойынша жүрігізіліп жатқан жүйелі жұмыс туралы баяндады.

 

2009 жылы қабылданған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңмен қажетті құқықтық реттеу енгізілді. Барлық1147қаржы ұйымықаржылық мониторинг субъектілеріболып табылады, оның ішінде  КЖ/ТҚК бойынша реттеу аясына  22 екінші деңгейдегі банк, 37 бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1054 ұйым және  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 7 ұйым енгізілді.

Барлық қаржы ұйымдары үшін Ішкі бақылау қағидалары қабылданды, клиенттердің, көрсетілетін қызметтердің тәуекелі және географиялық тәуекел бойынша 34 өлшемшартты қоса алғанда, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесіне талаптар айқындалды.

Қаржы ұйымдары клиенттерді, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға байланысты тізімдерде олардың бар-жоғына адамдарды тиісінше тексеруді жүргізуде. Қаржы нарығының барлық субъектілері үшін тәуекелге бағдарланған қадағалау енгізілді, 160 мәселе негізінде бағаланатын 25 сандық және сапалық факторды қамтитын Әдістемелер бекітілді.

Сонымен бірге, қаржы нарығының барлық субъектілері үшін күдікті операциялардың 81 өлшемшартынан тұратын бірыңғай тізбе бекітілді, қаржы ұйымдары күшейтілген мониторинг жүргізуде, оның нәтижелері бойынша күдікті операциялар бұғатталады және олар туралы мәліметтер ҚМА-ға беріледі.

Виртуалды активтерді реттеуге қатысты заңнамалық түрде арнайы шектеулер енгізілді және екінші деңгейдегі банктердің қызметіне қойылатын талаптар белгіленді.

«Ақпараттандыру туралы» Заңға сәйкес Қазақстан аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салынады.

Бұған қоса, заңсыз операцияларды қаржыландыруға жол бермеу үшін Агенттік банктер үшін банктік шоттарды ашу және осы тұлғалардың транзакцияларын жүргізу бөлігінде виртуалды активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен кез келген операцияларды жүргізуге тікелей шектеу енгізді. Ол үшін банктер виртуалды активтермен операциялар жүргізуден бас тарту рәсімдерін әзірлеп, қабылдады.

Қазіргі уақытта Агенттік ҚМА-мен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату үшін виртуалды активтерді және виртуалды активтер қызметтері провайдерлерін пайдалануға жол бермеу мақсатында қосымша реттеушілік талаптарды зерделеуде.

 

Баспасөз қызметі+7 (727) 237 1090

press@finreg.kz