«Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы Digital Almaty 2024 форумына қатысу туралы

«Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы Digital Almaty 2024 форумына қатысу туралы

2024 жылғы 1 ақпанда Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева«Сақтандыру нарығын цифрландыру»тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты, ол «Х индустриясы: Болашақтың цифрлық эволюциясы» жыл сайынғы  Digital Almaty 2024форумы аясында өткізілді.

Осы сессия барысында Қазақстандағы сақтандыруды дамытудың негізгі үрдістері мен жаңа трендтері талқыланды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сақтандыру нарығының және IT индустриясының өкілдері қатысты. Еліміздеерікті сақтандырудыдамытуға және сақтандыру қызметтерін тұтынушыларға ыңғайлы болу үшінцифрлық маркетплейстердіенгізуге басты назар аударылды.

«Бүгінгі күні ерікті сыныптар сақтандыру драйвері болып табылады және тұтынушыға нарықтағы ұсыныстардың алуан түрлерінен сақтандырудың қолайлы жағдайларын таңдауды жеңілдететінсақтандыру өнімдерінің агрегаторынқұру үшін цифрлық шешім қажет», – деп атап өтті Әсел Әмірбаева.

Сессияға қатысушылар сондай-ақ жүктелген сақтандыруды дамыту, сақтандыру саласында білікті мамандарды даярлау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін білім беру платформаларын құру, апатты тәуекелдерден сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты