Агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның брифингі

Агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның брифингі

Ағымдағы жылғы ақпанның басынан бастапАгенттік Басқармасы зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру мәселелерін регламенттейтін 10 қаулыны қабылдады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігі басқаруына берілуі мүмкін басқарушы компанияларға қойылатын талаптар туралы айтып берді. 17 ақпанда өткен онлайн-брифинг барысында реттеуші басқарушы компанияларды іріктеуді жүзеге асыратын өлшемшарттар, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі жария етілді.

Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар, кемінде3 млрд теңгемөлшеріндегі меншікті капиталы, соңғы үш жылда клиенттердің5 млрд теңгемөлшеріндегі активтерін басқару тәжірибесі бар, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде шығынды қызмет фактілері жоқ компанияларға беруге болады», - деп атап өтті Мария Хаджиева брифинг барысында.

Агенттік Төрағасының орынбасары атап өткендей, сапалық өлшемшарттардың ішінен соңғы6 айішінде пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауын, орындалмаған қадағалап ден қою шараларының, санкциялардың болмауын, сондай-ақ басқарушыда ірі қатысушының болуын атап өтуге болады. 

Сонымен бірге портфельді инвестициялау және әртараптандыру тәуекелдерін барынша азайту көзделген. Реттеуші зейнетақы активтерін қаржы құралдарының бір шығарылымына инвестициялау лимиттерін белгіледі – облигациялар үшін зейнетақы активтерінің 50%-нан аспайды және акциялар үшін 10%-нан аспайды, сондай-ақ бір ұйым және оның үлестес тұлғалары шығарған қаржы құралдарына 10%-нан аспайды. Валюта түрлері бойынша қаржы құралдарының теңгерімді портфелін қалыптастыру үшін шетел валютасымен номинирленген қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері көзделеді: зейнетақы активтерінің 50%-нан көп емес. Бұл ретте зейнетақы активтерін қандай да болмасын қаржы құралына инвестициялаудың нақты лимиттері басқарушы компания бекітетін инвестициялық декларацияда белгіленетін болады.

Ағымдағы сәтте Агенттіктің инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді, атап айтқанда:

  • «First Heartland Jysan Invest» АҚ
  • «BCC Invest» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес ұйымы»
  • «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың ЕҰ)
  • «Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ» АҚ
  • «First Heartland Capital» АҚ
  • «Сентрас Секьюритиз» АҚ

Басқарушы компаниялардың тізімі Агенттіктің сайтында жарияланды. Басқарушы компанияларды бұл тізімге енгізу басқарушы компаниялардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететінін білдірмейді. Шешімді компанияның өзі және оның акционерлері қабылдауға тиіс. Зейнетақы жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына беру үшін олар сенімгерлік басқаруға және кастодиандық қызмет көрсетуге шарттар жасауы қажет. БЖЗҚ өзінің интернет-сайтында өзі сенімгерлік басқаруға шарттар жасаған басқарушы компаниялардың тізімін жариялайды. Содан кейін салымшылар өз жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына аударуға құқылы.

БЖЗҚ, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі шарт тарабы ретінде,  басқарушылармен қарым-қатынастарда салымшылардың мүдделерін білдіретін болады. Инвестициялау стратегиясын басқарушы компанияның өзі айқындайтын болады, оған Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ұйымдар шығарған үлестік және борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және бейрезидент-банктердегі салымдар кіретін болады.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісінежылына бір реттенжиі емес беруіне болады, ал оларды Ұлттық Банктің басқаруына қайтаруынаекі жылданкейін болады.

«Зейнетақы активтерін инвестициялаудан ықтимал шығындарға байланысты не операциялық қызмет барысында туындайтын тәуекелдерді барынша азайту мақсатында, реттеуші белгілеген негізгі талаптардың бірі басқарушы компаниялардың меншікті капиталына қойылатын талап болып табылады.  Бұдан басқа, зейнетақы активтерін басқарушылар сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша басқарушы компания кірістілігінің зейнетақы активтері бойынша көрсеткіші  кірістіліктің ең төмен мәнінен аз болса, басқарушы компания бұл теріс айырманы өз капиталының есебінен өтеуге тиіс болады дегенді білдіреді. Өз кезегінде, кірістіліктің ең төмен деңгейі барлық жеке басқарушы компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігінің орташа алынған коэффициентінің  70%-ы деңгейінде белгіленеді», - деді Хаджиева.

БЖЗҚ деректеріне сәйкес,2021 жылғы 1 ақпандағыжағдай бойынша зейнетақы жинақтары бар 829 368 адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін БЖЗҚ-ға жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығын пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру құқығын ұсыну БЖЗҚ салымшыларының өздерінің жинақ ақшасын басқаруға деген мүдделілігін арттырады, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына институционалдық сұранысты ынталандырады және жалпы алғанда экономикаға оң әсер етеді деп күтілуде.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7( 727) 2371090, email:press@finreg.kz