Қазақстан Республикасы қаржы нарығынын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковтың екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау байынша қорытынды есебін таныстыру брифингісіндегі сөз сөйлеу тезистері

Қазақстан Республикасы қаржы нарығынын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Смоляковтың екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалау байынша қорытынды есебін таныстыру брифингісіндегі сөз сөйлеу тезистері

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау (AQR - Asset Quality Review) қорытындысын шығаруға арналған брифинг өткізуде. Жобаға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы  30 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 24 сәуірдегі тапсырмасы бойынша 2019 жылғы екінші тоқсанда бастама жасалды. Олар біздің алдымызға өршіл міндет қойды – жыл соңына дейін ел банктерініңнақты жағдайына барынша толық, жан-жақты және ең бастысы объективті бағалауалу.

Бұл мақсаттар үшін Ұлттық Банк AQR жүргізу саласындағы белгілі халықаралық консультанттың – Oliver Wyman компаниясының, Big Four халықаралық аудиторлық компаниялардың және басқа да танымал халықаралық аудиторлық компаниялардың қызметтерін тартты.

Бағдарлама ауқымына14 банк, бүкіл банк секторының  87%-ыжәне жалпы несие портфелінің  90%-ыкірді. AQR процесіне аудиторлық және консалтингтік компаниялардың 500-ден астам қызметкері, Ұлттық Банктің 60-тан астам қызметкері және 70-тен астам тәуелсіз бағалау компаниясы тартылды.2019 жылғы 1 сәуір активтер сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу үшін есепті күн болып табылады.

AQR нәтижелері, сондай-ақ активтердің сапасын арттыру және екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруды қолдау бойынша2019 жылғы 1 сәуірден кейін және осы уақытқа дейініске асырылған шараларжүйелік деңгейде де, сондай-ақAQR-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де капитал тапшылығының жоқ екендігінрастайды.

AQR-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ,себебібарлық банктерде барлық іске асырылған шаралардың қорытындысы бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі реттеушінің талаптарынан жоғары.

AQR нәтижелері бойынша процестердің, деректердің, саясаттар мен рәсімдердің сапасын арттыру бағыттары айқындалды. Ұсынымдарды және түзету іс-шараларын толық іске асыру банктер салымшыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етіп,тәуекелдердің жиналуын болдырмайдыжәне жүйенің ішкі және сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын арттырады.

 

  1. AQR БАҒДАРЛАМАСЫНА ШОЛУ

 

2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы ақпан аралығы кезеңінде әдіснама әзірленді,2019 жылғы 1 сәуіресепті күнге банктер құжаттамасының, деректерінің, процестерінің және олардың қызметтің негізгі көрсеткіштеріне әлеуетті әсерінің талдауы жүргізілді, әрбір банк бойынша жеке шаралар мен ұсынымдар дайындалды.

Қазақстанда біз AQR құралын алғаш рет қолданып отырмыз. Оның негізінебағдарламаны жүргізудіңүздік халықаралық тәжірибесіалынды. Бағалау әдіснамасы AQR әдіснамасын білдіреді, оны Еуропа Орталық Банкі әзірлеп, 2014-2019 жылдары бірнеше рет қолданды, ол Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімдеп шамалы түзетулермен  жасалды. Осылайша, сапаныңтексерілген әдістемелері мен стандарттарықолданылды. Мұндай тәсіл біздің халықаралық әріптестерімізге таныс және түсінікті, алынғаннәтижелерұқсас шетелдік бағдарламалардың нәтижелерімен салыстыруға келеді.

Бағдарлама барысында талдаудың негізгібағыттарымыналарды:

  1. Бухгалтерлік есептің ішкі процестерін, саясаттарын және практикаларын талдауды;
  2. Корпоративтік қарыз алушылар мен ипотекалық қарыздар бойынша жеке негізде провизияларды әлеуетті түзетулердің талдауды;
  3. Кепілмен қамтамасыз ету құнын қайта бағалауды;
  4. Ұжымдық негізде резервтеу модельдерін талдауды (негізінен, бөлшек портфельдер бойынша);
  5. Облигациялар, банктердің балансындағы жылжымайтын мүлік, туынды қаржы құралдары сияқты әділ құны бойынша ескерілетін активтер құнын қайта бағалауды қамтиды.

Сапаның жоғары стандарттарын және нәтижелердің реттілігін қамтамасыз ету үшін бақылаудың көпсатылы ұйымдастыру құрылымы аясында жұмыс жүргізілді.

Одан басқа, алғаш рет тартылған аудиторлар, басқа аудиторлық ұйым жүргізген бағалаудыекіжақты тексеру рәсіміжүргізілді. Аталған екіжақты тексеру Қазақстандағы AQR процесін  барлық жерлерде екіжақты тексеру жүргізілмеген Еуропа Орталық Банкі іске асырған ұқсас бағдарламадан өзгеше болып келеді.

 

 

2.    БАНКТЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ  

 

AQR-дің басты міндеттерінің бірі – халықаралық және отандық инвесторлар мен салымшылар үшінқаржы жүйесінің айқындылығын арттыру,сондай-ақ нарыққа қатысушылар үшін реттеуші шешімдерінің айқындылығын арттыру болып табылады. Бағдарламаның барлық қатысушыларыреттеушімен ашық диалогқа түсумүмкіндігіне ие болды.  

Бағдарлама басталғанға дейін Ұлттық Банк банктерге бағдарламаның қағидаттарын және ұйымдастыру аспектілерін, бағалау әдіснамасын түсіндірді, бөлек байланыс арнасы ұйымдастырылды, ол бойынша банктердің1, 000-нанастам сұрағына жауап берілді.

Бағдарламаның нәтижелерін алуға қарай ашықтықты қамтамасыз ету рәсімдері шеңберінде нәтижелерді талқылаудың бірнеше раунды өткізілді.

Қорытындысы бойынша сапалы тұжырымдарды, сондай-ақ ұсынылатын шаралар мен банктердің тәуекелдерін басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған ұсынымдарды қоса алғанда 2019 жылғы 1 сәуірдегі AQR нәтижелері ұсынылды.

Түзету шараларының негізгі қағидаттары айқындалды, қазіргі кезде көрсетілген шараларды банктердің іс-шаралар жоспарында оларды қолданыстағы саясаттар мен рәсімдерде жан-жақты көрсету үшін нақтылау жүргізілуде.

 

3.    ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

AQR нәтижелері бойынша қорытынды есеп бүгін, 2020 жылғы 28 ақпанда сағат 17.00-де Агенттіктің сайтында, активтердің сапасын бағалауға арналған бөлімде жарияланады.

Есеп мынадай екі бөлікке бөлінген: бірінші бөлікте нәтижелер жалпы алғанда банк жүйесінің деңгейінде, екінші бөлікте қатысушы банктердің әрқайсысының деңгейінде ашып көрсетіледі.

Есеп шеңберінде бірқатар басты көрсеткіш ұсынылды.

ХҚЕС 9  стандарттары 2018 жылы енгізілгеннен кейін алғаш рет Қазақстандақұнсызданудың 3-кезеңіне жатқызуға болатын қарыз алушылардың үлесінобъективті тәуелсіз бағалау жүргізілді.

Сондай-ақ шығасыларды шегере отырып және өндіріп алу мен өткізу үшін қажетті уақытты, сондай-ақ сату кезіндегі жеңілдіктерді ескере отырып алғаш реткепілмен қамтамасыз ету құнын тәуелсіз қайта бағалаужүргізілді. Қамтамасыз ету құны провизияларды есептеу кезінде қолданылады. Кепілдер құнын қайта бағалау провизиялар сомасының өзгеруіне міндетті түрде алып келмейтінін атап өткен жөн, себебі кепілдің құны қайта бағалаудан кейін де қарыз сомасын арттыруы мүмкін.

Түзетулердің шамасын білдіретін, қарыз алушылар міндеттемелерінің сомасына бөлінгенкүтілетін кредиттік зиянның деңгейіесептелді. Осы көрсеткіш банктер мен портфельдер арасында салыстыру мүмкіндігі үшін пайыздық көрсеткішпен ұсынылды.

Алғаш ретәділ құны бойынша бағаланатын активтерді қайта бағалаужүргізілді (яғни облигацияларды, банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті, туынды қаржы құралдарын және әділ құны бойынша бағаланатын қарыздарды). ҚР нарығының жекелеген сегменттерінің шектеуліөтімділігіактивтердің неғұрлымтөменқұнына әсер етеді.

Сондай-ақ AQR түзетулері, банктердің активтердің AQR күнінен кейінгі сапасын жақсарту жөніндегі шаралары және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жүйелік шаралар ескеріле отырыпнегізгі капиталдың жеткіліктілігіне(k1)ықтимал әсер ету есептелді.

 

 

 

 

4.    НӘТИЖЕЛЕР

 

AQR қорытындысы бойынша2019 жылғы 1 сәуірдегі түзетулерді нақтыланған қорытынды бағалау14 қатысушы банк үшін429 млрд теңгеніқұрайды. 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған нәтижелермен салыстырғанда ~21 млрд теңгеге төмендеу банктер ұсынған қосымша ақпарат ескеріле отырып ашықтықты қамтамасыз ету фазасының нәтижелері бойынша орын алды және оны тәуелсіз аудиторлар мен сарапшылар растады.

Жалпы алғанда, AQR нәтижелері бойынша барлық қатысушы банктер бойыншаХҚЕС өлшемшарттары қолданыла отырып 3-кезеңдегі активтердің үлесі жиынтығында2019 жылғы 1 сәуірде21,1%болып бағаланды.  3-кезеңдегі активтерқайтарылмайтын активтер және банктердің тікелей шығыныболып табылмайды. Бұл көрсеткіш NPL90+ салыстырғанда кеңірек, себебі ол мерзімі өткен активтерді, сол сияқты мерзімі өтпеген активтерді де ескереді, алайда қарыз алушыда қаржылық есептілік көрсеткіштерінің нашарлау фактілері немесе мәжбүрлеп қайта құрылымдау белгілері болады. ХҚЕС практикасына сәйкес 3-кезеңдегі активтер болашақ іске асырылмаған тәуекелдерді қоса алғанда, неғұрлым жоғары тәуекелі бар активтердің көрсеткіштері болып табылады.

Сондықтан 3-кезеңдегі активтер іске асырылмаған шығынды бағалау үшін кредиттерді қалыптастырылған провизиялармен, кепілдермен және басқа да қамтамасыз етумен өтеу дәрежесіне түзетіледі. 

Кепілмен қамтамасыз ету құныныңқайта бағалаудан кейін төмендеуі 2019 жылғы 1 сәуірдегі қолданыстағы кепілдер құнының23,8%-ынқұрайды. Талдау бір жағынан алғандабанктердіңолардыңобъективті құныналу үшін қамтамасыз етуді дербес дисконттайтынын көрсетеді, яғни олардыңобъективті құныналу үшін консервативті тұрғыдан сәйкес келеді. Сонымен бірге, кепіл мүлкін бағалау әдістемесі және бағалаудың өзі нарықтардың бағалық сипаттамаларын неғұрлым дәл көрсетуі үшін Қазақстандағыбағалау қызметін халықаралық стандарттарға келтіругеарналған жүйелік шараларды қабылдау талап етіледі.

AQR бағдарламасының шеңберінде AQR есепті күнгі капитал мөлшеріндегі түзетулердің әсер етуін бағалау жүргізілді, ол есепті күннен кейін жүргізілген шараларды есепке алғанға дейінгі аралық нәтиже болып табылады.

2019 жылғы 1 сәуірден кейін осы уақытқа дейінбанктерпортфельдің сапасын жақсарту жөніндегі маңызды шаралардыіске асырды және оларды реттеуші растады. Нәтижесінде AQR бойынша429 млрд теңгеәлеуетті түзетулердің180 млрд теңгеденастамын банктердің өзі 2019 жылғы 1 сәуірден бастап  2020 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде провизияларды толық қалыптастыру, қарыз алушылардың берешектерін өтеу, қарыздар бойынша қосымша кепілмен қамтамасыз ету арқылы реттеді.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып,шоғырландырылған деңгейдереттеушілік минимумға қатысты k1 капиталының артуыAQR түзетулерін ескере отырыпAQR-ға дейін ~105%-бен салыстырғанда ~70% болды. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірде AQR нәтижелері бойыншакапитал қорыжүйе деңгейінде800 млрд теңге болды. Орташа алғанда банктер бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициенті тәуекел бойынша орташа алынған активтер сомасынандерлік 13%,бұл уақытта ҚҰБ-ның нормативі7,5%болды.

Осыған ұқсас, AQR нәтижелері бойыншажүйе деңгейіндегі k2 пруденциялық капиталының қорытәуекелдерді пруденциялық тұрғыдан (мысалы, ұжымдық резервтеу моделін бағалауға қатысты және  банктердің балансындағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалауды ескере отырып) толық өтеу үшін жеткілікті.

Жекелеген банктер деңгейіндеAQR нәтижелері бойынша іске асырылған шараларды және банк қабылдаған міндеттемелерді (бұдан әрі осы туралы айтылатын болады)капитал қоры байқалады; k1 және k2 пруденциялық нормативтері орындалуда.

 

5.               АКТИВТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ

 

Барлық банктер бойынша активтер құнын қайта бағалауды ескере отырып АСБ нәтижелері бойынша,2020 жылы банктер бойынша әлеметті тәуекелдерді толық өтеу үшінкапитал бойынша пруденциялық талаптарға сәйкес, қаржы реттеушісі Ұлттық Банкпен бірлесіп мынадай шараларды қабылдады.

Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банк 2017 жылғы маусымда қабылдаған, іске асырылатын Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде Проблемалық кредиттер қорының ақылы кепілдігі түріндеактивтерді қорғаудың қосымша құралы(Asset protection scheme)айқындалды. Активтерді қорғау құралы осы Бағдарламаға қатысушы банктерге беріледі, олар үстеме капиталдандыру және тәуекелдерді шектеу, AQR нәтижелерін ескере отырып, активтердің сапасын жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды іске асыру мүмкіндігі бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

Активтерді қорғаудың мұндай құралдары Ұлыбритания және Испания сияқты елдерде қолданылды.

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К. Тоқаевтың
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысы шеңберінде берілгентапсырмасына сәйкес, әлеуетті тәуекелдерді өтеу банктер мен акционерлер тарапынанбюджет қаражатын пайдаланбай және ақылы негіздежүргізіледі. Банктер капиталының буферін жасау активтерді қорғау құралын пайдалана отырып жәнебанктер мен акционерлерге қатаң талаптарбелгілей отырып, қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, мыналар көзделеді:

Бірінші, AQR қорытындылары бойынша түзетулер және  провизиялар көлемі арасындағы айырмадан кемінде 50% мөлшердеакционерлердің қаражаты есебінен3 айдың ішінде үстеме капиталдандыру, оларды банктер Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде қалыптастырады.

Екінші, Қаржы министрлігі Проблемалық кредиттер қорының5 жылға ақшасыз ақылы кепілдік беруі.Кепілдік банктерге, Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушыларғаақылы негізде3%жылдық мәнде берілетінақшалай емес тетікболып табылады. КепілдікХҚЕС бойыншабанктер балансындағы активтер құнының төмендеуініңәлеуетті тәуекелдерін өтеуді қамтамасыз ететін құрал ретінде танылады. Кепілдік Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасын іске асыруды аяқтауға, активтерді провизиялармен және (немесе) капиталмен неғұрлым жоғары өтеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.117 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік акционерлергеқалған тәуекелдердідербес жабуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде банк акционерлерінің есебіненбюджетқосымша табыс алады.

Үшінші,банктердің Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде:

- дивидендтер төлеуге тыйым салуды (яғни кепілдіктің қолданылуы уақытында банктердің қызметінен кез келген пайда алу),

- тәуекел дәрежесі жоғары қарыздардың берілуін шектеуді (қосылу және сіңіріп алу, өтімділігі жоғары сегменттердің белсенді өсуі, БЕҚБТ-ға жаңа қарыздар беру сияқты және т.б.),

- банктің басшылығына төленетін өтемақының мөлшерін шектеуді,

- бағдарламаға аясына енгізілген активтерді басқару бойынша іс-әрекеттерге шектеулерді;

- әкімшілік және операциялық шығыстарды оңтайландыруды көздейтінқатаң талаптардықабылдауы.

Төртінші,активтерді қорғау құралын іске асыру мақсатында Нұрбанкті қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге Банкке Бағдарлама талаптары бойынша реттелген облигацияларды шығару мүмкіндігі берілетін болады. Нұрбанк Бағдарламаға қатысу талаптарына сәйкес келеді, қаржылық орнықтылықты арттыру бойынша шараларды іске асырады, өзіне акционер тарапынан капиталдандыру бойынша ең көп міндеттемелерді және тәуекелдерді шектеу бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы басқа банктерге қосымша ақша бөлу көзделмеген.

Осылайша, активтерді қорғау құралын пайдалана отырып, Ұлттық Банктің қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына 4 банк қатысады (АТФ банк, ЦентрКредит Банкі, Нұрбанк, Еуразиялық банк).

Шешімдер AQR іске асыру кезінде банктер активтерінің сапасын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізгенін, атап айтқанда, жаңа кепілдіктерді қабылдағанын, проблемалық қарыздардың бір бөлігін өтегенін, провизиялар мен есептен шығару арқылы шығындарды көрсеткенін ескере отырып қабылданды. Бұл шаралар 2019 жылғы 1 сәуірдегі AQR бағалау есебінде келтірілген капитал жеткіліктілігі бойынша жағдайдың едәуір жақсаруына алып келді. Мәселен, 2019 жылғы тамыздан бастап 2020 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде ғана Бағдарламаға қатысушы банктердің AQR әлеуетті түзетулерінің 369,4 млрд теңгесінің жартысына жуығыннемесе 180 млрд теңгені банктер дербес толығымен реттеді.

Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы банктер акционерлерініңқатысуы біздің ең басты басымдығымыз болып табылады.Осыған орай, банктердің157 млрд теңгегеқалған тәуекелдерін банктер және олардың акционерлері өздері өтейді, оның ішінде40 млрд теңгеденастамы 3 ай ішінде акционерлердің есебінен жабылады.Банктер мен акционерлердің банктердің әлеуетті тәуекелдерін өтеудегі қатысуы қорытындысында 83,5%болады.

Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігініңқажетті шешімдеріосы аптада қабылданды,барлық тараптар әрбір қатысушы банкпен тиістікелісімдергеқол қойды.

Ұлттық Банктің Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына барлық қатысушылардың қаржылық жағдайы тұрақты:

  • ЦентрКредит БанкіAQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 33,3 млрд теңге), сондай-ақ 26,4 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 20,6 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып,  7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды; 
  • АТФ банкіAQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 80,0 млрд теңге), сондай-ақ 44,2 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 33,8 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып,  7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды;
  • Еуразиялық банкAQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (әсердің басым бөлігі немесе 45 млрд теңге), сондай-ақ 44,9 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 41,4 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып,  7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды;
  • НұрбанкAQR нәтижелері бойынша AQR есепті күнінен кейін банк және акционерлер қабылдаған іс-қимылдарды (немесе 33,3 млрд теңге), сондай-ақ 26,4 млрд теңгеге акционерлер тарапынан банктерді капиталдандыруды қолдау шараларын, оның ішінде 20,6 млрд теңгеден аспайтын сомаға кепілдік бойынша тәуекелдерді жабу шараларын ескере отырып,  7,5%-дан аса капитал жеткіліктілігі нормативін орындайды.

 

  1. КЕЙІНГІ ІС-ҚИМЫЛДАР

 

Айтып өткенімдей, бүгін сағат 17-де жарияланатын есепте әрбір банк үшін негізгі нәтижелер, түзету шараларының жоспарлары және қолданыстағы Қаржылық орнықтылықты арттыру бағдарламасына қатысқан жағдайда түзету шараларының жоспарлары және талаптар қамтылған. 2020 жылғы наурыздың соңына дейін тәуелсіз консультанттың қолдауымен түзету шараларын келісу аяқталатын болады. Одан әрі ҚҰБ мен Агенттік қабылданатын шаралар туралы өзекті ақпаратты және олардың тиімділігін бағалауды тұрақты түрде ұсынып отыруды жоспарлауда. Іс-шаралар жоспары реттеуші тарапынанқатаң бақылауменорындалатын болады.

2020 жылы реттеушінің 2019 жылы практикасына енгізілгентәуекелге бағдарланған қадағалаудыжәне банктер активтеріеің сапасын бағалау нәтижелерін есепке алу үшін SREP (Supervisory review and evaluation process) әдіснамасынжетілдірубойынша жұмыс жүргізілетін болады.

 

7.               ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осылайша, AQR және қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша AQR аясына енгізілгенбарлық банкреттеушінің нормативтеріне сәйкес келу және күтілетін кредиттік зияндар бойынша шығындарды бюджет қаражатын пайдаланбай өтеу үшін негізгі капиталдың жеткілікті көлемінеие. Тағы да қайталаймын,AQR-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекелдержоқ,себебібарлық банктерде барлық іске асырылған шаралардың қорытындысы бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі реттеушінің талаптарынан жоғары.

Біз ұсынымдар мен шаралар енгізу нәтижелері бойынша  жалпы алғанда банк секторыныңқаржылық тұрақтылығын одан әрі арттыруғақол жеткізіледі ден сенеміз.

Жоғарыда аталған шаралар нәтижесінде басты мақсаттардың біріне қол жеткіземіз және барлық тәуекелдердің2020 жылы ТОЛЫҚ ӨТЕЛУІНқамтамасыз етеміз,капитал жеткіліктілігін толық көлемде қалыпқа келтіруге және қолдауғақажетті іс-шараларды іске асырамыз. Бұл банк жүйесіне деген сенімді арттыру үшін өте маңызды.

Банктерді қолдауміндетті түрде акционерлерді қатыстыра отырып толығымен өтеусіз және ақылы негіздежүзеге асырылады.Банктер ұсынған орнықтықаржы модельдерібанктің және акционерлердің есебінен қажетті шараларды орындауға мүмкіндік береді.

AQR-ды аяқтау және барлық қатысушы банк бойынша капитал жеткіліктілігін қамтамасыз етуҚазақстанның банк секторының ашықтығын едәуір арттыруғаықпал ететін болады. Бұл, өз кезегінде, елдің қаржы нарығына халықаралық инвесторлар тарту үшін маңызды фактор бола алады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығынжақсартады.

Оның үстіне қалыптастырылған жоспарлар банктердің негізгі бизнес-процестерін айтарлықтай өзгертугекөмектеседі, бұл олардың жұмыс сапасын және клиенттер үшін ыңғайлылықты жақсартады.

Банктер бойынша қалыптасқан іс-шаралар жоспарыҚазақстан Республикасында қадағалау тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдайболып табылатынын атап өтемін, себебі банк провизиялары мен капиталын есептеу процестерін ғана емес, сонымен қатар бизнес процестерді және банктердің тәуекелдерін басқару процестерініргелі өзгертугеәкеледі.

AQR бағдарламасын аяқтауқаржы секторын қалыпқа келтірубойынша реттеушінің күш салуына қорытынды шығарады. Одан әрі Агенттік AQR нәтижелері бойынша шараларды орындау және бақылау бойынша қолдау іс- шараларын жүргізетін, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалау негізінде қаржылық тұрақтылыққа мониторингті жүзеге асыратын болады.

Біз әлемдік нарықтардағы ағымдағы белгісіздік жағдайында Қазақстанның қаржы секторының орнықтылығын арттыру бойыншабүгін қабылданған шаралардыңуақтылы болып табылатынынакәміл сенеміз.

Қызмет бағыты