Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковтың CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT 2020 Қаржы нарығы топ-менеджерлерінің VII жыл сайынғы саммитіндегі сөз сөйлеу тезистері

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковтың CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING EVENT 2020 Қаржы нарығы топ-менеджерлерінің VII жыл сайынғы саммитіндегі сөз сөйлеу тезистері

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков қадағалау мен ішкі резервтердің қазіргі және болашақ тәуекелдерге барабарлығы туралы:

«Қаржы ұйымдарының орнықтылығын арттыру материалдық тәуекелдерге, сондай-ақ экономиканың циклдық даму сипатына немесе сыртқы күйзелістерге байланысты құрылымдық теңгерімсіздіктерге осалдықты төмендету үшін қажет.

Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Агенттік жалпыға танымал халықаралық реттеу стандарттары негізінде қаржы ұйымдарыныңтәуекелдерін басқарудың  ішкі жүйелерін және корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыружасау,қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшыраған салаларынабарынша қадағалау ресурстарын шоғырландыру міндетін қояды.

Агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын, оның ішіндемакропруденциялық саясат тетіктерін қолдануарқылы қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Агенттіктіңмакропруденциялық саясатының міндеттері:

  • қаржы жүйесінің жағымсыз жағдайларда да тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді әрі орнықты экономикалық өсуді қолдауға ықпал ететін буферлерді қалыптастыру және босату арқылы қаржы жүйесінің біріктірілген күйзелістерге орнықтылығын арттыру;
  • негізделмеген және экономикалық өсумен расталмаған борыш жүктемесінің ұлғаюына жол бермеу;
  • жекелеген ұйымдардың жалпы тәуекелдерінен, өзара байланыстарынан және маңызды рөлінен (‘chain reaction’, ‘too big to fail’) туындайтын қаржы жүйесіндегі құрылымдық осалдықтарды төмендету болып табылады.

Жүйелік тәуекелдерге тиімді диагностиканың макропруденциялық саясат үшін шешуші мәні бар. Қолданылатын макропруденциялық құралдардың әсерін бағалау қолданылатын құралдардың, қажетті тәсілдердің тәуекелдерін, ауқымдарын және санын түзету үшін қажетті уақытты ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковқадағалаудың тәуекелге бағдарланғанмоделі  туралы:

«2019 жылы қаржы нарығын реттеугеқадағалаудың тәуекелге бағдарланғанмоделі (ТБҚ) енгізілді.

ТБҚ режимініңнегізгі элементі– қадағалау органыныңуәжді пайымдау негізіндеенгізу және әрекет ету құқығы. Агенттікте уәжді пайымдауды қолдану құқығының болуы оның қадағалау шешімдерін икемді әрі шұғыл қабылдауын қамтамасыз етеді.

ТБҚ қадағалаудыңалдын алу сипатынболжайды, онда қаржы ұйымының қазіргі уақыттағы да, жақын болашақтағы да қауіпсіз әрі тұрақты қызметін қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады.   

ТБҚ-ны дамытудың маңызды кезеңібанктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалауболып табылады, ол бүкіл қаржы жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оның орнықтылығын арттыру үшін банктердің процестерін, саясаттары мен рәсімдерін жетілдіру бағыттарын айқындайды. 

Тәуекелге бағдарланған тәсіл«теңбе-теңдік» қағидатынқолдануды да болжайды, оған сәйкес реттеу талаптары қаржы нарығының әрбір қатысушысының жүйедегі маңыздылығын, қызметінің қиындығын және қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың әрқайсысының ерекшелігін есепке алады.

Базель стандартының екінші құрауышыненгізу жөніндегі жұмыс жалғасады. Ол банктің жеке тәуекел-бейінін, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін ескере отырып, оның капитал жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды белгілеуді (яғни «қадағалау үстемесі») болжайды. Капиталға қадағалау үстемесі банктің тәуекел факторларын сандық тұрғыдан бағалау, банктің даму стратегиясын және операциялық ортаның әсер ету дәрежесін, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін ескере отырып капиталды басқару процесінің тиімділігін сапалық тұрғыдан бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін болады. Қадағалау үстемесі міндетті талап болады және банктердің қызметінде анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жылдам жоюын ынталандыруға арналған.

Агенттік қаржы ұйымдарынаолардың қызметіне тән тәуекелдерді сапалы және дербес басқаруғамүмкіндік беретін қағидаттарғаформалдыреттеуші талаптарға баса назар аудара отырып, қадағалау процесін қайта жүктеу  жұмысын жалғастырады.

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков қаржы секторының экономиканы қаржыландырудағы рөлін арттыру туралы:

«Ақша ресурстарын қайта бөлу арқылы экономиканы қаржыландыру қаржы секторының негізгі міндеті болып табылады.

Соңғы жылдары заңды тұлғаларды кредиттеудің тұралауы байқалып отыр. Экономиканың нақты секторы тарапынан сұраныстың төмендеуі кәсіпкерлік тәуекелдердің жоғары болуына және бизнесті қысқа мерзімді жоспарлауған негізделді. Нәтижесінде ұзақ мерзімді, инвестициялық өнімдерге сұраныс ағымдағы қызметті айналым қаражатын толықтыру түрінде қолдау қажеттілігінен ығыстырылуда.

Агенттік экономиканы қаржыландырудың өсуін тежейтін негізгі себептерге талдау жасады. Олардың ішінде негізгі және шешімді талап етілетіндері корпоративтік қарыз алушылар сапасының төмен болуы және олардың капитал болмаған кезде кредиттелуінің жоғары болуы, қаржыландырудың нарықтық қағидаттарының дамуын ынталандырмайтын бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру есебінен ресурстар құнының бұрмалануы, кредиторлардың құқықтарын шектейтін банкроттық рәсімдердің құқық қолдану практикасының әлсіздігі болып табылады.

Экономиканы қаржыландырудың өсуі үшін басты талаптардың біріэкономиканың нақты секторы кәсіпорындарын қалыпқа келтіру және оларды капиталдандыруды арттыруболып табылады.

Корпоративтік банкроттық жүйесіактивтерді неғұрлым тиімді меншік иелері-кәсіпкерлерге бере отырып дәрменсіз және тиімсіз компаниялардың нарықтан уақтылы шығуын қамтамасыз етуге тиіс.

Кепіл кредиторға абсолютті басымдық берілетініне кепілдік берілугетиіс. Кепіл мүлкіне қатысты кез келген шешім тек кепіл кредитордың келісімі жағдайында қабылдануға тиіс.

Экономиканы жаңа кредиттеудің өсуі үшінстрестік активтердің тиімді нарығын құружәне проблемалық кредиттер бойынша өндіріп алынғанмүлікті экономикалық айналымғабелсендітартубасты мәселе болып табылады.

Бұл үшінбанктердің стрестік активтермен жұмысының мониторингін және бақылауды күшейту арқылы ынталандыру шараларыныңкомбинациясы қажет.

Бұл ретте, менолардың әділ құнын қалыптастырудың маңыздылығынерекшеатап өткім келеді, оған AQR,сондай-ақ Қазақстандағыбағалауқызметініңхалықаралық стандарттарғасәйкестігін арттырубойынша жүйелі шаралар ықпал ететін болады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының  бірінші орынбасары Олег СмоляковШОБ субъектілерінің кредит қабілеттілігін шынайы бағалау туралы:

«ШОБ субъектілерінің кредит қабілеттілігін шынайы бағалау үшінқаржы ұйымдарының мемлекеттік дерекқорға қол жеткізуін де кеңейту қажет.

Агенттік, өз кезегінде, кредит қабілеттілігі сенімді көздерден алынған деректермен расталған ШОБ субъектілеріне берілгенстандартталған қарыздар бойынша реттеуші талаптарды азайтумәселесін қарауға дайын. 

Экономиканы дамытудымемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігін арттыруқажет.

Жеңілдікті кредиттер беру және сыйақы мөлшерлемелерін өтеу арқылы тікелей субсидиялаудың орнынакредиттік тәуекелді өтеу құралдарын пайдалану аясынкеңейту маңызды, мысалы, даму институттарының кепілдіктері.

Экономиканың нақты секторын қаржыландыру үшін ірі және орта эшелонның жеке меншік компанияларын ІРО-ға шығару үшінынталандырулар жасауқажет.Мемлекеттік бағдарламаларғақатысушылар бағалы қағаздар нарығындағы қаржыландырудың бір бөлігін тартуға тиіс. Сонымен қатар,мемлекет қатысатын қорлардыңқаражатын қор нарығы құралдарына белсенді инвестициялау үшін жағдай жасау және зейнетақы активтерінің жеке басқарушылары институтын құру қажет.

Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың жұмысы үшін қор биржасы арқылы мәмілелер жасасу кезінде қор нарығындакредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару тетіктерінің болуымаңызды талап болып табылатынын ескере отырып, тиісті нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру шеңберінде Агенттіктің алдында қор нарығындаорталық контрагенті институтыныңқызметін тиімді ұйымдастыру жөніндегі бірінші кезектегі міндет тұр.

Осылайша, ашықтықты ынталандыру, активтер мен ресурстарға дұрыс баға белгілеу, тәуекелдерді бағалау және басқару құралдарын дамыту, құқықтарды қорғау қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуға жүйелі әсер етеді».

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков қаржылық қолжетімділікті және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы:

«Қаржылық қызметтерге қол жеткізудің негізгі көрсеткіштерінің бірі банктік немесе электрондық шоттарға қол жеткізу және оларды белсенді пайдалану болып табылады. Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша, Қазақстан Республикасындағы осы көрсеткіш шамамен 59%-ды құрайды (дүниежүзілік орташа көрсеткіш – 69%). Бұл ретте, халықтың 53,9%-ы төлемді қолма-қол ақшасыз жүзеге асырады және алады (дүниежүзілік орташа көрсеткіш – 52%). Дүниежүзілік орташа көрсеткіш 30% болғанда, жалақы және өзге де төлемдерді алу үшін төлем карточкасын 42% пайдаланады.

Бұл реттеқаржылық сауаттылықтың жалпы деңгейі жеткіліксіз деңгейде тұр. Жүргізілген әлеуметтанушылық зерттеуге сәйкес ол дамыған елдермен салыстырғанда төмен болып, 36,25%-ды құрайды.

Сонымен қатар, қолданыстағы қаржы өнімдерін пайдалану кезіндегі халықтың дағдысы деңгейі болмашы 25%-ды құрайды. Ең көп пайдаланылатын негізгі банк өнімдері: кредиттер, депозиттер және ағымдағы шоттар. Бұл ретте сақтандыру нарығының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейі 7%-дан аспайды, ал бағалы қағаздар нарығының өнімдері мен қызметтерін пайдалану 1%-ды құрайды.

Халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру бойыншареттеуші жұмысының, сол сияқтықаржы институттары рөлініңмаңыздылығында атап өткім келеді. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қаржылық қолжетімділік пен қаржылық сауаттылық қатар дамуы қажет.

Бұл үшінклиенттік-орталықтанумаңызды – яғни, оның шеңберінде қаржы өнімдері қаржылық қызметтерді тұтынушылардың барлық санаттарының жеке қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, ең алдымен табысы барынша төмен ортаны қалыптастыру.Ақпараттық ашықтықты арттыруқажет, оғанмінез-құлық сипаттамаларын талдаужәне тұтынушыны қаржы өнімдерінің артықшылықтары туралы ғана емес,сондай-ақ тәуекелдер туралы дахабардар ету ықпал ете алады.

Қаржы нарығындаіскерлік және этикалық қағидаттарды қалыптастыру,даулардысотқа дейін реттеу рәсімдерінің рөлі мен тиімділігінарттыруқаржылық қызметтерді тұтынушылардың адалдығынқалыптастырып,қаржылық инклюзияғаықпал ететін болады».

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков қаржы нарығындағы жаңа технологияларға бейімділік туралы:

«Технологиялық өзгерістер мен цифрландыру қаржы-экономикалық ландшафт құрылымын қайта форматтауға алып келеді. Жаңа технологиялық шешімдер экономикадағы қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді бөлуге ықпал ете отырып, халық пен бизнес үшін қаржылық қызметтердің қаржылық және географиялық қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Қаржы секторы цифрлық технологияларды белсенді қолданатын негізгі салалардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары интернет және мобильді қосымшалар арқылы онлайн-қызметтерді ұсыну саласында айтарлықтай даму болды. Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, брокерлердің цифрлық технологияларды пайдалануы қаржылық қызметтерді алу уақытын едәуір қысқартуға, операцияларды жүргізудің өзіндік құнын төмендетуге, «24/7» режимінде қызметтер көрсетуге мүмкіндік берді.

Осыған байланысты қаржылық технологиялар ұсынатын артықшылықтарды оңтайлы пайдалану үшін институционалдық іргетас салудың маңызы зор.

Қаржылық технологиялар тұрақты даму процесінде тұр және кеңінен қолдану үшін бірқатар тәуекелдері бар, атап айтқанда қаржылық инновацияларды енгізу үшін қажетті құқықтық және техникалық талаптар әрдайым бола бермейді.

Осыған байланысты, Агенттік тарапынанбейімделген нормативтік-құқықтық ортанықұру бойынша бірқатар жұмыс жүргізу жоспарланып отыр, оның шеңберінде қаржылық қызметтерді ұсынатын ұйымдар қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін технологиялық шешімдерді пайдалана алады.

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег СмоляковҚаржы нарығында қаржылық технологияларды 2025 жылға дейінгі дамытудың стратегиясы туралы:

«Ұлттық Банк Агенттікпен бірлесіпҚаржы нарығында қаржылық технологияларды 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясынәзірлеуде, оны іске асыру электрондық іс-әрекетті дамытуға, қаржы операцияларының қолжетімділігін, қауіпсіздік деңгейін және тиімділігін  арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Стратегия шеңберінде қаржылық қызметтерді алу кезінде қаржы ұйымдары, мемлекеттік органдар және тұтынушылар арасында электрондық өзара іс-қимылға көшу жалғасатын болады.

Қаржылық қызметтерді ұсыну кезінде клиенттерді қашықтан  сәйкестендіру құралдарын дамыту мақсатында Агенттік жеке деректерді рұқсатсыз пайдаланудан сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударатын болады.

        «Реттеу ортасы»шеңберінде инновациялық шешімдерді енгізуге нарық мүддесін ынталандыру жұмысы жалғасатын болады. Бұл реттеуші бақылауымен қаржы нарығындағы инновацияларды ең төмен тәуекелдермен сынақтан өткізуге және жаңа қаржы технологиялары мен өнімдерді нарыққа тезірек шығаруға мүмкіндік береді».

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляковқаржы нарығындағы бәсекелестік пен бөлу туралы:

«Реттеу аясына дәстүрлі өнімдерге қол жеткізе алмайтын клиенттердің қаржылық қызметтерін алу мүмкіндігін кеңейтетін қаржы нарығының жаңа қатысушылары кіреді. Сонымен қатар бұл тәжірибе үнемі әділ әрі  консервативтік стандарттарға негізделе бермейді. Сонымен бірге жаңа технологиялық шешімдер реттеушілік талаптар мен төрелік тәуекелдерді айналып өту мүмкіндігін жасайды. Сондықтан қаржы нарығы субъектісіне байланысты реттеуді одан әрі бөлуге қарағанда, қызмет түрлеріне қойылатын талаптар белгілеуге баса назар аудару қажет. Бұл әсіресе ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру және ДСҰ шеңберінде өтпелі кезеңді аяқтау жағдайында маңызды».

Қызмет бағыты