Банк секторының қадағалау саясатының негізгі басымдықтары туралы

Банк секторының қадағалау саясатының негізгі басымдықтары туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова банктердің стрестік активтер деңгейін төмендету бойынша қадағалау жоспарларын орындауы және 2021 жылғы 5 айдағы активтер сапасын бағалау нәтижелері бойынша түзету іс-шаралары туралы айтып берді.

Экономика мен банк секторына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы екі жылда жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейі7,4%-дан 6,9%-ғадейін төмендеді. Жыл басынан бері банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің көрсеткіші жекелеген банктердің кредиттік портфельдеріне экономикалық белсенділік құлдырауының кейінге қалдырылған әсер етуінің нәтижесінде6,9%-дан 7,6%-ғадейін аздап өсті. Жүйе бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың132 млрдтеңгеге ұлғаюы жекелеген банктер бойынша провизиялармен100%өтелген және банк секторына қауіп төндірмейтін NPL өсуімен байланысты болды.

Ағымдағы жылдың басынан бері банк секторы көрсеткіштерінің оң өсу серпіні сақталды. Банктердің активтері5,9%-ға, банктердің экономикаға кредиттері3,3%-ға өсті. Корпоративтік секторды кредиттеудің өсуі0,8%-ды құрады, бұл банктерде шығындарды тану және жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығару процестерінің жалғасуына байланысты.

Агенттік реттеушінің қаржы нарығына қатысушылар үшін жүргізіп отырған қадағалау саясатының ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Бұл үшін Агенттіктің 2021 жылға арналғанқадағалау саясатының негізгі басымдықтарыалғаш рет әзірленіп, жарияланды, олар қаржы қоғамдастығымен алдын ала талқыланды және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес мақұлдады. Қаржы қоғамдастығымен қаржы секторын реттеу мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша тоқсан сайынғы кездесулердің кестесі бекітілді.

Бұған қосымша, ағымдағы жылы Агенттік банктердің нақты қаржылық жай-күйінің толық көрінісін алу үшінактивтердің сапасын тұрақты бағалау және қадағалап стресс-тестілеуқұралдарын енгізу арқылы қадағалау процесін жетілдіруді жоспарлап отыр. Активтердің сапасын бағалауды ағымдағы жылы Агенттік пен банктердің ақпараттық жүйелерін автоматтандыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру аяқталғаннан кейін оны жыл сайын бүкіл банк секторына қатысты жүргізе отырып, жекелеген банктер бойынша пилоттық режимде жүргізу болжанып отыр.

Банктерді қадағалау саласындағы заманауи және тиімді халықаралық практикаларды іске асыру мақсатында Агенттік банктердің тәуекелдерін бағалаудың статистикалық модельдері негізіндеқадағалап стресс-тестілеу әдіснамасынкеңейтуді жоспарлап отыр. Қадағалап стресс-тестілеу экономиканы дамытудың стрестік жағдайларында банктер капиталының жеткіліктілігін бағалауға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы Агенттік қадағалап стресс-тестілеуді пилоттық режимде жүргізуді жоспарлады.

Агенттік тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырды. 2021 жылы Агенттік капиталға арналған жеке қадағалау үстемесін есептеу әдіснамасын және оны банк саласының тәуекеліне байланысты қолдану тәртібін әзірлейді, ол реттеушінің қадағалау практикасына 2022 жылдың соңына дейін енгізілетін болады.

Банктердің капитал жеткіліктілігін (ICAAP) және өтімділігін (ILAAP) бағалау бойынша ішкі рәсімдерге және саясаттарға негізгі тәсілдер мен қағидаттар тәуекелдерді басқару жүйесіне талаптармен регламенттелді. 2021 жылдың соңына дейін жаңа үлгі нысандарды бекіте отырып, банктердің ICAAP және ILAAP бойынша ішкі рәсімдерді және саясаттарды бағалауға реттеушілік талаптар жетілдірілетін болады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін кредиттік құнсыздану өлшемшарттарын кеңейту және кепілмен қамтамасыз етуді бағалауға талаптар белгілеу мәселелері бойынша активтердің сапасын бағалау нәтижелері бойынша реттеушілік бастамаларды енгізу жүзеге асырылады.

Қызмет бағыты