ҚР мен РФ арасындағы банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысы өтті

ҚР мен РФ арасындағы банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысы өтті

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның Банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясының 17-ші отырысы өтті. Отырыс қаржы реттеушілерінің төрағалығымен өткізілді: Қазақстан атынан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк, Ресей атынан Ресей Банкі және Қаржы министрлігі қатысты.

Сонымен бірге отырысқа екі елдің қор биржаларының, банктерінің, қаржы ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік органдарының өкілдері де қатысты.

Отырыс барысында тараптар экожүйелерді, қаржылық-технологиялық саланы, цифрлық активтерді, утилитарлық цифрлық құқықтарды реттеу сияқты барынша өзекті мәселелерді; қор нарығындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін, сондай-ақ экономикадағы, банк секторындағы, сақтандырудағы, бағалы қағаздар нарығындағы үрдістерді талқылады.

Тараптар Кіші комиссияның келесі отырысын онлайн режимде 2021 жылғы IV тоқсанда өткізу туралы уағдаласты.

 

 

ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 727 237 1090,press@finreg.kz

finreg.kz, gov.kz

Қызмет бағыты