Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумына қатысу туралы

Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумына қатысу туралы

2023 жылғы 12-13 қазандаАстана қаласында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қатысуыменDigital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумыөтті.

Форум – бұл тәжірибе, идеялар алмасу және цифрлық технологиялар мен кәсіпкерліктің бірлескен даму қарқынын белгілеу үшін IT әлемінің әр түкпірінен сарапшылар жиналатын алаң. 2023 жылы Форумның басты бағыты «Жасанды және адами интеллект: дұрыс тепе-теңдік (Аrtificial and Human Intelligence: The Right Balance)» деген маңызды тақырыпқа бағытталған.

 Форум аясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)сақтандыруда жаңа мобильдік сервис – Еурохаттаманыұсынды.

Еурохаттама – бұл кішігірім жол-көлік оқиғалары кезіндеміндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін ресімдеудің жеңілдетілген тәртібі.Ол ресми түрде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады.

Сервисті таныстыру шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева соңғы бірнеше жылда сақтандыру қызметтерін ауқымды цифрландыру жүргізілгенін атап өтті.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Еурохаттама шеңберінде халық сақтандыру жағдайын полиция шақырмай және сотқа жүгінбей-ақ, залал сомасы100 АЕК-тенаспаған және үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілмеген жағдайдаресімдей алады» – деді Мария Хаджиева.

Еурохаттамасақтандыру төлемдерінің мерзімін 92 күннен 6 жұмыскүніне дейінайтарлықтай қысқартуға және жол полициясы мен соттарға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Мобильдік қосымшаны пайдаланушылар сақтандыру ұйымына онлайн өтініш бере алады,биометриялық сәйкестендіруден өтіп,цифрлық құжаттарды, фото және бейне материалдардықоса алады. Сақтандыру ұйымдары жәбірленушінің банктік шотына қоса берілгенцифрлық құжаттарнегізіндетөлемдердіжүзеге асыратын болады.

Басқа сақтандыру ұйымдары да өздерінің цифрлық сервистерін құра алады. Тұтынушы ең ыңғайлы сервисті таңдау мүмкіндігіне ие болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты