«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференциясының жұмысы туралы

«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференциясының жұмысы туралы

Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі аясында «ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» атты халықаралық конференция өтті.

Құттықтау сөзінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасы Мәдина Әбілқасымова күрделі геосаяси жағдайларда орнықты экономикалық өсуге бағдарлануды сақтау ерекше маңызды міндет болып қала беретінін және оның негізі жасыл, төмен көміртекті экономикаға көшу болып табылатын атап өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ESG-қорларға инвестициялар ағынының көлемі үш есе өсіп, 330 млрд АҚШ долларынан асты, ESG облигацияларына – 25%-ға ұлғайып,3,5 трлн АҚШ долларынажетті.

Өткен жылдың қазан айында «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты конференцияда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның парниктік газдардың нөлдік қалдықтарына қол жеткізу жөніндегі үндеулерін қолдап,2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеу туралыхабарлады.

«Бұл стратегия халықаралық тәжірибені ескере отырып, көміртегі ізін азайту үшін Қазақстан жүзеге асыруға тиіс нақты шараларды біріктіреді. Осы жыл ішінде барлық мүдделі мемлекеттік органдар осы Стратегияны әзірлеу және келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізді», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Оны іске асырудың Қазақстан үшін маңыздылығын халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары атап көрсетеді.

Бүгінгі күні Қазақстанда «жасыл» энергияның жалпы өндірістегі үлесі шамамен 3%-ды құрайды. 2030 жылға қарай көміртегі қалдығын 15%-ға қысқартып, «жасыл» энергия өндіруді15%-ға дейінұлғайту жоспарланып отыр.

Қазақстанда өткен жылдан бастап «жасыл» қаржыландыру үшінбарлық қажетті құқықтық ортақалыптасты. Жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, оның шеңберінде қолданылып жатқан табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға, энергия үнемдеуге, климаттың өзгеруі салдарын жеңілдетуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған «жасыл» жобалар Таксономиясы енгізілді.

«Агенттік қазақстандық компаниялардың «жасыл», әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигацияларды шығару мүмкіндігін көздеді. 2021 жылдан бастап орнықты жобаларды қаржыландыру үшін KASE-де жалпы сомасы131 млрд теңгеденастамESG-облигациялардың 9 шығарылымыныңлистингі өтті. Оның ішінде 2022 жылы KEGOС, ҚДБ және АДБ сияқты компаниялардың 64 млрд теңге сомаға 3 шығарылымы орналастырылды», - деді Агенттік Төрағасы.

Бұдан басқа, Агенттікқаржы секторындаESG-қағидаттарын енгізужұмысын белсенді жүргізуде. Бұл жұмысқа жауапты инвестициялық саясаттарды пайдалану саласындағы негізгі халықаралық көшбасшы институттар тартылды.

ESG стандарттарын енгізу процесінің кезең-кезеңмен жүргізілуі маңызды, бұл қаржы ұйымдарына жаңа реттеуші талаптарға бейімделуге мүмкіндік береді.

Біріншікезеңде ESG-ақпаратты жария ету жүйесі енгізіледі. Ол үшін Агенттік пен IFC сарапшылары ESG өлшемшарттары бойынша ақпаратты жария ету жөніндегі нұсқауды дайындады. Мұндай қаржылық емес есептілікті жария етудің басты міндетімүдделі тараптардыңқаржы ұйымының қоршаған ортаға, әлеуметтік салаға және экономикаға әсері туралыақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ESG-факторлардың қаржы ұйымының қаржылық көрсеткіштеріне әсерін бағалау болып табылады.

«Оны дайындау барысында біз халықаралық ұйымдардың, оның ішінде «Орнықты даму туралы жалпы ережелер және климатпен байланысты ақпаратты жария ету» ХҚЕС жаңа стандартының жобасын дайындаған Орнықты дамудың халықаралық стандарттары жөніндегі кеңестің (ISSB)орнықты дамуы жөніндегі есептіліктің 5 негізгі стандартын негізге алдық», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік қаржылық емес ақпаратты: елеулі ESG-ақпаратты анықтау, ESG-факторларды басқару, корпоративтік басқару сияқтыүш блок шеңберіндежария етуді ұсынады.

Бірінші блокта«қоршаған орта», «климат», «қызметкерлер», «өнімдер және тұтынушылар», «қаржылық инклюзия», «этика» сияқты элементтер бойынша ақпаратты жария ету қамтылады.

Екінші блок шеңберіндеESG-факторларды тиісті түрде басшылыққа алуды және басқаруды қамтамасыз ету үшін қаржы ұйымдары пайдаланатын құрылым мен процестерді жария ету ұсынылады. Бұл блокқа орнықты дамуды басқару, стратегия, тәуекелдерді басқару және тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) кіреді.  

Үшінші блоккорпоративтік басқару мәселелерін қамтиды және ESG практикасына бейілділігі, директорлар кеңесінің қызметіне, бақылау ортасына, акционерлердің құқықтарына және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы ақпараттан тұрады.

Қаржы ұйымдары бұл құжатты ESG-факторлардың жыл сайынғы есептілік шеңберінде олардың қызметіне әсерін бағалау туралы есепті дайындау және жариялау үшін пайдалана алады. Бұл кезеңде Агенттіктің ұсынымдарыерікті сипатта болатындығынатап өткен жөн.

Бұдан кейінгі кезең қаржы ұйымдарының ESG-өлшемшарттары бойынша есептіліктегі ақпараттыеріктіден міндетті түрде ашып көрсетуге көшуіжәне тәуекелдерді басқаружың және корпоративтік басқарудың ішкі жүйелерінде ESG-факторларды есепке алу бойынша реттеуші талаптарды белгілеуі болады.

Банктердің өз бағалауларына сәйкес, олардың портфельдеріндегі ESG-кредиттердің көлемі ағымдағы жылғы тамызда шамамен2,6 трлн теңгеніқұрады.

Нәтижесінде, ESG-тәуекелдерқаржы ұйымдарының қадағалау жүйесіне ықпалдастырылатынболады. ESG-тәуекелдерін мониторингтеу банктер бойынша SREP жыл сайынғы қадағалап бағалауы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Алдағы уақытта Агенттік қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде банктер үшінклиматтық тәуекелдерді стресс-тестілеудіөткізуді жоспарлап отыр. Стресс-тесттердің әдіснамасы мен сценарийлері 2023 жылы әзірленеді. Олардың негізіне NGFS (Network for Greening Financial System) орталық банктер мен қаржы реттеушілерінің халықаралық қауымдастығы әзірлеген
6 сценарий алынады.

«Реттеушінің, халықаралық институттардың, қаржы ұйымдары мен бизнестің үйлесімді іс-қимылы экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін инвестициялар ағынын жұмылдыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деп қорытындылады Мәдина Әбілқасымова.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы 

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz