«Қор нарығы. Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» панельдік сессиясының жұмысы туралы

«Қор нарығы. Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» панельдік сессиясының жұмысы туралы

Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі аясында «Қор нарығы.  Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» панельдік сессиясы өтті, оған ҚР Ұлттық Банкінің, KASE Қазақстан қор биржасының, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, сондай-ақ ірі қаржы және инвестициялық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Құттықтау сөзінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева 2022 жылғы ақпанда қалыптасқан күрделі геосаяси жағдай жаһандану процесінің одан әрі баяулауына және протекционистік көңіл-күйдің күшеюіне әкелгенін атап өтті. Шикізат нарықтарындағы бағаның өсуі және әдеттегі логистикалық тізбектердің бұзылуы инфляцияны едәуір жеделдетуге ықпал етеді.

«Бұрын керемет болып көрінген тәуекелдерді іске асырубелгілі бір активтердің құндылығын қайта қарауғаәкеледі. Ағымдағы жылы инвесторлар өз активтерінің белгілі бір міндеттемелерді қосымша қоя отырып, қас-қағымда өз құнының 100%-ына дейін қалай жоғалтқанын байқауға мүмкіндік алды», - деп атап өтті Мария Хаджиева.

Жыл басынан бері отандық қор нарығынакапиталдың әлемдік нарықтарындағы құбылмалылықтың артуыжәне монетарлық саясаттың қатаңдатылуы әсер етті. Бұл нарықты жиынтық капиталдандырудың 13%-ға38,2 трлн теңгеге дейінқысқаруына және борыштық қаржыландыруды тарту қарқындарының 35%-ға443 млрд теңгеге дейінтөмендеуіне әсер етті. Бұл ретте нарықтың өзге де көрсеткіштері оң серпінді көрсетуді жалғастырды. Атап айтқанда, Қазақстан қор биржасында 2022 жылғы 9 айда сауда-саттықтың жиынтық көлемі 193,6 трлн теңгені құрады, бұлөткен жылғы ұқсас көрсеткіштен 69,4%-ға артық.

«Қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың артуына қарамастан, халықтың бағалы қағаздар нарығына деген қызығушылығы артып келеді. Қазақстандағы бөлшек инвесторлардың саны 2022 жылдың басынан беріекі есе артып,жарты миллион адамдеңгейіне жақындап келеді», - деп атап өтті қаржы реттеушісі Төрағасының орынбасары.

«Нарықтың құбылмалылығы әрқашан инвесторлардың қызығушылығын арттырады, себебі ол ақша табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, тәуекелдер әрқашан бар, әсіресе бөлшек инвесторлар үшін. Сондықтан қаржы реттеушісі оларды қорғау және біліктілік деңгейі бойынша заңнамалық түзетулерді уақтылы қабылдады. Әсіресе халықтық IPO қарсаңында», - деп атап өтті «Фридом Финанс» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Лукьянов.

Нарыққа кәсіби қатысушылардыңкөңіл-күйін бағалау үшін Агенттік Конгресс қарсаңында 82 ұйымға сауалнама жүргізді.

Оның қорытындысы бойынша портфельдегі тәуекел активтерінің үлесі сұралғандардың 80%-ында10%-дан аспайды. Инвестициялық шешімдерге әсер ететін негізгі факторлардың ішінде респонденттер Орталық банк ставкалары мен геосаяси белгісіздік факторын атады

Қаржы ұйымдарының жартысына жуығының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда әзірленген іс-шаралар жоспарлары бар және бұл ретте 46%-ыинвестициялық стратегияны өзгертуді жоспарламайды, бұл қаржы нарығының өз стратегиялары мен жоспарларына деген сенімділігін көрсетеді. Алайда, респонденттердің 73%-ы өз портфельдеріндегіүлестік құралдардың үлесін ұлғайтудыжоспарлап отыр, яғни нарық «сатып алу» уақыты келді деп үміттенеді.

Сауалнамаға қатысқан кәсіби инвесторлардың көпшілігі бүгінгі күні шикізат тауарларына арналған индекстік қағаздарға инвестицияларды тартымды деп санайды, бұл жоғары инфляцияға байланысты. Цифрлық  активтер екінші орында, содан кейін жылжымайтын мүлік қорлары.

«Нәтижесінде, ағымдағы жағдайлар нарық қатысушыларының алдына көптеген сын-қатерлер қойып, өздерінің инвестициялық стратегияларын түзетуге мәжбүр етсе де, нарық үшінжаңа мүмкіндіктерашады, оларды  жіберіп алмау өте маңызды», - деп қорытындылады Мария Хаджиева.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz