Агенттік Төрағасы М.Е. Әбілқасымованың BNK банктік қызметке лицензияны тапсыру рәсіміндегі баяндамасы

Қайырлы күн, қымбатты әріптестер,
Қайырлы күн, Ким Сонгджу мырза,
Бас консул Ха Тэ Ук мырза!
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында өзара сыйластыққа, экономикалық ынтымақтастыққа және ортақ стратегиялық мүдделерге негізделген орнықты және жан-жақты қатынастар қалыптасты.
1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері біздің елдеріміз өзара ынтымақтастықты толыққанды стратегиялық әріптестікке дейін дамытты, ол Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемелерінде және үкіметаралық келісімдерде расталды.
Ресей, Қытай және Еуропалық одақ елдерімен қатар Оңтүстік Корея Қазақстан Республикасының негізгі сауда серіктестерінің қатарына кіреді.
2024 жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы жалпы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады, Оңтүстік Кореядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың келуі – 1,2 млрд АҚШ долларынан асты, осыған байланысты Корея Республикасы Қазақстан экономикасына үшіншііріинвесторболды.
Жалпы алғанда, соңғы 20 жылда Корея инвестицияларының жиынтық көлемі 11 млрд-қа жуық АҚШ долларын құрады. Бүгінгі күні Қазақстанда Корея Республикасынан капиталдың қатысуымен 800-ден астам компания табысты жұмыс істейді, оларға трансұлттық корпорациялар, сол сияқты өңірлік компаниялар да кіреді.
ОлардыңқатарындаSamsung,Hyundai,Kia,LGElectronics,Lotte,Doosan, Posco жәнебасқа да ірікорпорациялар бар.Оларэнергетика,құрылысжәнемашина жасау сияқтыстратегиялықбағыттардатабысты жұмыс істейді, тамақөнімдері,тұрмыстықтехника,электроникажәне автомобиль бөлшектерінөндіру,денсаулық сақтау,сауда,консалтингжәнелогистикасалаларындабірлескенжобаларды іске асыруда.
Елдер арасындағы академиялық ынтымақтастықтың маңызы зор. Қазақстан мен Кореяның жетекші университеттерінің желісі бойынша екіжақты білім беру бағдарламалары ашылды, бір жарым мыңға жуық қазақстандық студент Кореяның үздік университеттерінен білім алуда. Қазақстанда Вусонг Университеті мен Оңтүстік Кореяның ең мықты зерттеу университеті – KAIST (Кореяның ғылым және технологиялар озық институты) филиалдарын ашу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, олар озық технологиялар және жасанды интеллект саласында мамандар даярлайтын болады.
Қазақстанның Кореямен мәдени байланыстары да ұдайы кеңейіп, тереңдей түсуде, бұған 120 мыңнан астам адамнан тұратын және саны бойынша елде 9-шыорындатұрғанелдіңэтникалықкорейхалқыықпал етеді.
Құрметті қонақтар мен қатысушылар,
2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысы елге сенімді шетелдік банктерді тарту және банк секторындағы бәсекелестікті арттыру жөнінде міндет қойды.
Бүгінгі күні Қазақстанда шетелдік қатысуы бар 10 банкті қоса алғанда, екінші деңгейдегі 21 банк қызметін жүзеге асырады. Бұл ретте, банк секторы жоғары шоғырланумен сипатталады – бес ірі банкке еліміздің банк секторының барлық активтерінің шамамен 69%-ы тиесілі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Агенттік Қазақстан Ұлттық Банкімен бірлесіп банк секторын дамытуға, шетелдік инвесторларды тартуға және бәсекелестікті арттыруға бағытталған үлкен дәйекті жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2022 жылы Агенттік микроқаржы ұйымдарын толыққанды банктерге айналдыру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін негізгі заңнамалық түзетулер әзірлеп, қабылдады. Бұл өзгерістер бір жылға дейінгі мерзімге есептелген кезең-кезеңмен және құрылымдық айналдыру процесін көздейді, бұл микроқаржы ұйымдарына банк қызметінің жаңа талаптары мен стандарттарына біркелкі бейімделуге мүмкіндік береді.
2024 жылы банк заңнамасын ырықтандырубойынша жұмысатқарылды.БұлреформалардыңнегізгімақсатышетелдікбанктердіҚазақстанғатартуүшіннеғұрлымикемді,ашықжәнебәсекелестікортақұруболды.
Бірінші кезекте нарыққа кіру үшін реттеуші кедергілер азайтылды. Шетелдік банктер үшін активтердің ең төменгі шегі 20 млрд АҚШ долларынан 10 млрд АҚШ долларына дейін төмендетілді, ал еншілес шетелдік банктер мен филиалдарды ашу үшін қажетті құжаттар саны айтарлықтай қысқартылды. «А–» және одан жоғары халықаралық рейтингі бар банктер үшін құжаттар топтамасы екі есе, ал «А» және одан жоғары рейтингі бар банктер үшін — екі жарым еседенастамазайтылды.
Екіншіден, ескірген әкімшілік талаптар жойылды, мысалы, меншігінде үй-жайлардың болуы немесе жұмыс басталғанға дейін бір жыл бұрын штаттың толықтырылуы. Лицензиялау рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіліп, жеделдетілді: өтініш берген кезде 50-ден астам құжаттың орнына лицензия берілгенге дейін қазір тек 7 құжат талап етіледі.
Үшіншіден,шетелдікбанктерфилиалдарыныңқызметмүмкіндіктерікеңейтілді.Оларғашетелвалютасыменайырбастауоперацияларын,кастодиандыққызметтіжүргізуге, синдикатталғанқаржыландыруғақатысуға, агенттікқызметтердіжүзеге асыруға, төлемкарточкаларыншығаруғарұқсат етіледі.
Бүгінгі таңда Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасы шеңберінде аталған заңнамалық түзетулерді Парламент қабылдады және ол Мемлекетбасшысының қол қоюына ұсынылды.Заң бекітілгенненкейінбізҚазақстанныңбанксекторыныңшетелдікинвесторларүшінтартымдылығыныңайтарлықтайкүшеюінжәнеелдіңқаржыжүйесінің одан әрі орнықтыөсуінкүтеміз.
Бүгін біз осы заң шығару жұмысының нәтижелерін көріп отырмыз. Біз үшін ең маңызды оқиғалардың бірі – БиЭнКей Финанс микроқаржы ұйымын толыққанды коммерциялық банкке айналдыру болды.
Бүгінгі күні БиЭнКей Финанс микроқаржы ұйымы еліміздің микроқаржы ұйымдарының арасында активтер мөлшері бойынша 15-ші орында. Микроқаржы ұйымының активтері 25,8 млрд теңгені құрады, ал кредиттік портфель 21,8 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте кредиттердің басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілеріне берілді.
Бұл жобаға БиЭнКей Финанс ұйымының Корея Республикасының активтері 103 млрд АҚШ долларынан асатын ірі банк холдингтерінің бірі — BNK Financial Group халықаралық қаржы тобының құрамына кіретіндігі ерекше мән береді.
BNKқұрылымына «А2»халықаралықрейтингібарекікоммерциялықбанк,сондай-ақкорпоративтікжәнебөлшекбанкингтенбастапинвестициялықжәнецифрлықбизнескедейінгіқызметтердіңкеңауқымынқамтитынтөртинвестициялықкомпаниякіреді.ТоптыңҚытай,Үндістан,Вьетнамсияқтыелдердехалықаралыққатысуыбар.
BNK жасанды интеллект және Big dataнегізіндегіжүйелерді, сыртқы қаржылық-технологиялық сервистерменинтеграциялауғаарналғанAPI-платформалардыпайдалана отырып, өзініңоперациялыққызметінецифрлықшешімдердібелсендіенгізеді,сондай-ақ цифрлық вонажәнеблокчейн-эксперименттер бойынша жобаларғақатысады.
БиЭнКей Финансты банкке айналдыру бойынша ауқымды жұмыстың басталуы өткен жылы қаланды. 2024 жылғы 12 маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ельдің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде Агенттік БиЭнКей Финанс микроқаржы ұйымына банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берді.
Рұқсаталғансәттенбастап бір жылішіндеАгенттік банкпен бірлесіптолыққандыбанкқұруғабағытталған іс-шараларжоспарыніскеасыру бойынша ауқымдыжұмысжүргізілді.
Осыжоспараясында БиЭнКей Финанс іс-шаралардыңауқымды тізбесінорындады.Олардың қатарында – ішкі инфрақұрылымдыжаңарту, болашақбанктің үй-жайларындайындау, автоматтандырылғанбанктікшешімдерді іске қосудықоса алғанда, банктік ақпараттықжүйелердіенгізу,сондай-ақ басшылыққұрамды жалдау және Агенттікпенкелісу.
Бұдан басқа, қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етуге, корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ ұлттық төлем жүйесіне және мемлекеттік дерекқорларға қосылуға ерекше назар аударылды.
Осыған орай БиЭнКей Финанс командасына жоғары кәсіби деңгейі мен процеске жауапкершілікпен қарағаны үшін ерекше алғыс білдіргім келеді. Жоспарда көзделген барлық іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды.
Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша биыл 30 мамырда Агенттік айналдыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы есепті бекітті, ал 13 маусымда ұйым әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Бүгін біз осы процестің соңғы кезеңіне келдік – банктік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия береміз. Бұл Қазақстанда 2010 жылдан бері берілген алғашқы банктік лицензия екендігін тағы да атап өткім келеді. Сондықтан, бұл қаржы жүйесінің жаңа кезеңді ашуға — корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі мен технологиялық тұрғыдан жетілген жаңа шетелдік қатысушыларды тартуға дайындығын растайтын шын мәніндегі маңызды оқиға. Бұған қоса, банктің миссиясы мен стратегиясы ең алдымен шағын және орта бизнесті кредиттеуге бағытталған және Қазақстан Республикасында бизнесті кредиттеуді кеңейту бойынша Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келеді.
Жаңа банк елдегі қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз.
Қазақстанда BNK Financial Group басқаруымен жаңа банктің ашылуы нәтижесінде біз ең алдымен бәсекелестіктің кеңеюін көреміз деп күтеміз. Бұл жаңа банк өнімдерінің дамуына және шағын және орта бизнеске кредит берудің өсуіне серпін береді.
Екіншіден – бұл елге жаңа инвестициялар тарту. Жаңабанксауда-саттықты қаржыландыруқұралдарын, металлургия,энергетика,көліксияқтыэкспортқабағдарланған салаларғасиндикатталғанкредиттердіұсынаалады.
Үшіншіден – одан әрі цифрлық трансформация. Цифрлық банктік шешімдерді әзірлеу мен ауқымын кеңейтудегі BNK тобының жаһандық деңгейдегі және Оңтүстік Кореядағы тәжірибесі қазақстандық шындыққа бейімделуі мүмкін және банк өнімдерін ұсыну кезінде озық және сенімді технологияларды енгізу үшін қосымша серпін береді.
Осындай ірі халықаралық банктің келуі Қазақстанның банк нарығындағы бәсекелестікті арттырады, ұсынылатын банк қызметтерінің сапасын жақсартады, сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.
Осы сәттен бастап БиЭнКей коммерциялық банкіҚазақстанРеспубликасыныңбанкжүйесініңтолыққандықатысушысы болады.
Сіздердіосымаңыздықадамменқұттықтаймын!
Сіздердің банктеріңізге толағай табыс, одан әрі қарқынды дамуды тілеймін, банк елдеріміздің нарықтары арасындағы нағыз арқау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары мен бизнесі үшін сенімді әріптес болуына тілектеспін!