Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы М.Е. Әбілқасымованың Үкімет отырысындағы баяндамасы

Құрметті әріптестер!
Сіздерге кредит беру нарығындағы жағдай және бизнеске кредит беруді кеңейту шаралары туралы ақпарат ұсынуға рұқсат етіңіздер.
2024 жылы экономикаға кредиттер 20,9%-ға ұлғайып, 33,8 трлн теңгені құрады. Бизнеске берілген кредиттер 16,3%-ға өсіп, 13,1 трлн теңгені құрады, оның ішінде ірі бизнес субъектілеріне кредиттер 9,2%-ға өсіп, 4,3 трлн теңге болды, шағын және орта бизнеске кредиттер 13,1%-ға ұлғайып, 6,5 трлн теңгені құрады және дара кәсіпкерлерге кредиттер 46,6%-ға өсіп, 2,3 трлн теңгені құрады.
Өткен жылы корпоративтік кәсіпкерлікке берілген жаңа қарыздардың жалпы көлемі 17,2%-ға өсіп, 18,2 трлн теңгені құрады.Бизнеске берілген кредиттердің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар бизнеске берілген кредиттер портфелінің 2,1%-ын құрайды.
Кредит алатын корпоративтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты. 2024 жылы қарыз алушылар саны 20,3%-ға өсіп, 534 мың субъектіні құрады.
Банктер экономика салаларына белсенді түрде кредит беруде. Олардың экономика салалары бойынша үлесі 82%-ды құрады. Банктер кредиттерінің барынша жоғары үлесі құрылыс пен саудада 99%-дан астам, көлік пен байланыста 82%-дан көп, өнеркәсіп саласында ол 70%-ды, ал ауыл шаруашылығында 50%-ды құрайды.
Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторына кредит беруді ұлғайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Агенттік мынадай шаралар қабылдады.
Бірінші. 2024 жылы банктердің өтімділігін босату мақсатында, өтімділік коэффициенті 0,9 деңгейге дейін төмендетілді. Бұл қосымша 1,6 трлн теңге сомасындағы өтімділікті босатуға мүмкіндік берді.
Қабылданған шараларды ескере отырып, өтімділіктің бос қоры 6,0 трлнтеңгеге жуық құрайды, оны экономикаға кредит беруге бағыттауға болады.
Екінші. Бизнеске кредит беруді кеңейту үшін банктердің тұрақты қорландыру базасының болуы маңызды.
Қазіргі уақытта қорландырудың негізгі базасын клиенттердің салымдары құрайды, олар міндеттемелердің 80%-ына жуық.
Өткен жылы корпоративтік кәсіпкерлікті қолдау және ресурстық базаны кеңейту үшін тұрақты қорландыру коэффициенті 0,9 деңгейге дейін төмендетілді.
Қорландыру базасының қысқа мерзімді сипатына байланысты, Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп банктерді ұзақ мерзімді қорландыру тетігін әзірледі. Бұл тетіктің негізгі міндеті қарыз алушылардың ұзақ мерзімді жобаларын кредиттеу мүмкіндігі болып табылады.
Аталған тетік шеңберінде банктер облигацияларды нарықтық мөлшерлеме бойынша 7 жыл мерзімге шығарады. Жоспарланған қаржыландыру көлемі – 500 млрд теңге, оның ішінде банктер өңдеуші өнеркәсіп, электрмен жабдықтау және көлік салаларында 72 жобаны кредиттеуге 220 млрд теңге тартты.
Бұдан басқа, банктер шетел валютасындағы бондтарды тарту шараларын қабылдауда. Корпоративтік кәсіпкерлікке валютамен берілетін кредиттерді тәуекел-саралауды 200%-дан 100%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Үшінші. Шағын және орта бизнеске кредит беруге ерекше назар аударылды. Шағын және орта бизнес қарыздарын капиталға қатысты тәуекел-саралау 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. Бұл шағын және орта бизнеске жаңа қарыздар беру үшін банктердің капиталын 1,5 трлн теңгеден астам сомаға ұлғайтты.
Сонымен бірге 500 млн теңгеге дейінгі қарыздар бойынша кредиттерді оңайлатылған бағалау енгізілді.
Шағын және орта бизнеске кепілсіз кредит беруді дамыту мақсатында, корпоративтік кәсіпкерлікті кредиттеу процесін цифрландыру қамтамасыз етілді. 2023-2024 жылдары банктердің ақпараттық жүйелерін 52 мемлекеттік сервиспен интеграциялау іске асырылды. Биыл банктерді 19 қосымша мемлекеттік дерекқормен интеграциялау жұмысы аяқталады (оған заңды тұлғалар, салық есептілігі, электрондық шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер бойынша сервистер кіреді).
Қабылданған шаралар нәтижесінде бизнеске берілген кепілсіз кредиттер көлемі былтыр 35%-ға ұлғайып, 3,7 трлн теңгені құрады, бұл бизнес кредиттерінің жалпы көлемінен 21%-ды құрайды.
Төртінші. Корпоративтік кәсіпкерлікті кепілмен қамтамасыз етуді жеңілдету мақсатында, өткен жылы кепілдердің жекелеген түрлеріне талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, жеңіл көлік бойынша өтімділік коэффициенттері 50%-дан 60%-ға дейін, жабдық бойынша 40%-дан 55%-ға дейін, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және оффтейк келісімшарттары бойынша ақша ағыны 0%-дан 50%-ға дейін арттырылды.
Өткен жылы жер қойнауын пайдалану және уақытша жер пайдалану құқықтары түріндегі кепілдердің тиімділігін арттыру үшін осындай кепілдерді сату рәсімін оңайлату мақсатында заңнамалық түзетулер қабылданды.
Кредиттерге кепілдік беру тетігінің рөлі өсуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлердің 607 млрд теңге сомасындағы кредиттердің 5%-ы ДАМУ қорының кепілдігімен қамтылған.
Осыған байланысты, шағын және орта бизнес қарыздарына кепілдік беру құралдарын кеңейту үшін Шағын және орта бизнес кредиттері жөніндегі кепілдік қорын құру пысықталуда. Жаңа Кепілдік қорының басты айырмашылығы – мемлекеттің қатысуымен қатар, ол банктердің жыл сайынғы жарналары есебінен қаржыландырылады. Кепілдік қоры шағын және орта бизнестің 3,5 млрд теңгеге дейін кредит сомасының 85%-ына дейін өтейтін болады.
Кепілдік қорын құру үшін Агенттіктиісті заңнамалықтүзетулерәзірлеп, оларды Үкіметке енгізді.
Кредит беруді кепілдікпен ынталандыру үшін ДАМУ қорының кепілдігімен шағын және орта бизнес кредиттерін 20% мөлшерінде төмендетілген тәуекел-саралау енгізіледі.
Бесінші. Ірі инвестициялық жобаларды кредиттеу мақсатында былтыр синдикатталған кредиттеуді дамыту үшін заңнамалық түзетулер қабылданды. Синдикатқа қатысушылардың құрамы бейрезидент банктердің есебінен кеңейтілді және синдикатталған қарыз шартын халықаралық құқық қағидаттарында жасау үшін жағдайлар жасалды.
Синдикатталған кредиттеу жөніндегі жобалық кеңсе Қазақстанның Даму Банкі базасында Бәйтеректің, Самұрық-Қазынаның және банктердің қатысуымен құрылды. Инвестициялық жобалар пулы 6,5 трлн теңге сомаға құрылып, синдикатталған кредиттеу және қоса қаржыландыру тетігі арқылы 835 млрд теңге сомаға 5 жобаны қаржыландыру басталды.
Экономиканың нақты секторына кредит беруді ұлғайту жөніндегі міндеттер шеңберінде банктердің ресурстары барынша тартылатын болады. Атап айтқанда, банктер басым инвестициялық жобалардың жаңа пулын қаржыландыруға, сондай-ақ энергетикалық және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын жаңғыртуға белсенді түрде қатысуға дайын.
Банктермен бірлесіп экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту жөнінде ұсынылып отырған шаралар пысықталатын болады.
Дереккөзі: Primeminister.kz