Агенттік Төрағасының орынбасары М. Хаджиеваның KASE: Joining Tabadul Digital Hub конференциясындағы негізгі тезистері

Агенттік Төрағасының орынбасары М. Хаджиеваның KASE: Joining Tabadul Digital Hub конференциясындағы негізгі тезистері

Құрметті әріптестер!

Сіздерге осы Конференцияға шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамын және KASE және AIX биржаларын Tabadul цифрлық хабына қосылуымен құттықтаймын.

 Бұл оқиға қазақстандық капитал нарығын дамытудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен Таяу Шығыстың бүкіл өңірі үшін жаңа перспективалар ашады.

 Бүгінгі іс-шара өзара іс-қимыл жасау үшін аямызды кеңейтеді, табыстыынтымақтастықүшінберікнегізқұрады жәненарықтарымыздыңөтімділігінеоңәсер етеді деп сенемін.

Қаржы секторы елдің экономикалық өсуін ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Қаржы ұйымдары активтерінің жалпы көлемі ЖІӨ-нің 55%-ын құрап, 134 млрд долларға жетті.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы да сенімді өсуде және одан әрі даму үшін жағдай жасайтын қолайлы инфрақұрылымы бар.

Соңғы бес жылда акциялар нарығы 40%-ға өсті, ал оны капиталдандыру 63 млрд долларға жетті, бұл елдің ЖІӨ-нің
26%-ын құрайды. Шығарылған корпоративтік облигациялардың жалпы көлемі 26 млрд долларға жетіп, ЖІӨ-нің 11%-ын құрады.

Орташа алғанда жыл сайын нарыққа 30-ға жуық жаңа акциялар мен облигациялар эмитенттері шығады. Ал KASE-нің сауда тізіміндегі құралдардың жалпы саны 1 904-ке жетті.

Банктердің қор нарығында болу мүмкіндіктерінің кеңеюі бөлшек инвесторлардың айтарлықтай өсуіне әкелді, олардың шоттарының саны 3,5 млн-ға жетті.

Бүгінгі күні негізгі институционалдық инвесторлар инвестициялық портфелі 63 млрд долларға жеткен банктер, сақтандыру ұйымдары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және эндаумент қорлар болып табылады.

Мұның бәрі маңызды инвестицияларды сіңіру үшін ішкі инвесторлық базаның әлеуетін көрсетеді.

Соңғы бірнеше жыл ішінде KEGOC, Қазатомөнеркәсіп, ҚазМұнайГаз және Air Astana ұлттық компанияларының IPO-ларына жергілікті инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылықтың болуы да бұған дәлел бола алады. Ішкі сұраныс ұсыныстан 1,5 еседен 2 есеге дейін асып түсті.  

Біз қор нарығының өтімділігін ұлғайту және нәтижесінде FTSE және MSCI рейтингтеріндегі Қазақстанның позициясын «Emerging Markets» деңгейіне дейін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуді жалғастырудамыз.

Ірі мемлекеттік кәсіпорындарды Жекешелендіру бағдарламасы да осыған бағытталған. Биыл ҚТЖ, QazaqGaz және Самұрық-Энерго сияқты тағы үш мемлекеттік компанияның IPO-сын өткізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, компаниялардың IPO-ға шығуын ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлі тетіктері, сондай-ақ бағалы қағаздарды ішкі орналастыру үлесін 20%-дан 50%-ға дейін ұлғайту қаралуда.

Қор нарығының инфрақұрылымы туралы айтатын болсақ, сауда-клирингтік жүйелерді толық жаңғырту жүргізілді. Клирингтің және орталық контрагенттің функциялары жеке ұйымға – капиталы шамамен 19 млн долларды құрайтын KASE клирингтік орталығына бөлінді. Бұл орталық контрагенттің қызметтерін тек KASE құралдары бойынша емес, сондай-ақ басқа биржалық және биржадан тыс нарықтардың, оның ішінде тауарлық биржалардың құралдары  бойынша көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылы Thomas Murray британдық рейтингтік агенттігі Клирингтік орталыққа A+ рейтингін берді. Мұндай баға әлемдегі үздік 30 орталық контрагентке берілген. 

Бұдан басқа, Орталық депозитарийдің (ОД) функционалы айтарлықтай кеңейтілді. Бүгінгі күні  ОД – бұл валюта айырбастау және жеке тұлғалардың шоттарын ашу бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, депозитарлық және банктік қызметтердің толық аясын қамтитын өңірлік есеп айырысу хабы. Өткен жылы ОД базасында биржадан тыс ОТС алаңы құрылды.

Қазақстанның қор нарығының инфрақұрылымын жаһандық капитал нарықтарының экожүйесіне ықпалдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ОД 56 шетелдік депозитарийлер және кастодиандармен тығыз корреспонденттік және депозитарлық байланыстар орнатты.

Euroclear және Clearstream сияқты жаһандық кастодианның Қазақстанның ішкі нарығында мәмілелерді жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін банктердің делдал ретінде әрекет ету және ОД-дағы есеп айырысу ұйымдарының шоттарын басқару құқығы белгіленді.

Бүгінгі күні қор нарығының инфрақұрылымы инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметін реттеудің ең үздік тәжірибесіне, оның ішінде IOSCO стандарттарына сәйкес келеді деп айтуға болады.

2023 жылы Дүниежүзілік Банктің сарапшылары жүргізген FSAP бағалауының нәтижелері бойынша Қазақстанның қор нарығының реттелуі мен инфрақұрылымы «Solid» деп белгіленді.  

Агенттіктің жоспарларына тоқталайық. Біріншіден, біз Ұлттық рейтингтік агенттік құруды көздейтін Рейтингтік қызмет туралы заң жобасын әзірледік. Бұл экономиканың түрлі салаларындағы компаниялардың тәуелсіз және қолжетімді рейтингтік қызметтер алу мүмкіндіктерін кеңейтеді, экономикалық қауіпсіздікті және нарықтар мен геосаясат конъюнктураларынан тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту үшін Инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасы әзірленді, ол қорлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қызметін ырықтандыруға және инвестициялаудың жаңа нысандарын құруға бағытталған. Заң жобасы кәсіби қоғамдастықпен және халықаралық даму институттарымен кеңінен талқыланды.

Екі заң да ағымдағы жылы Парламентке енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Перспективада ESMA еуропалық реттеушінің стандарттары негізінде Клирингтік қызмет туралы заң әзірленетін болады.

Үшіншіден, Агенттіктің басымдықтарының бірі исламдық қаржыландыруды дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта Банктер туралы жаңа заңды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде ислам банктерін ашу тәсілдері өзгертілетін болады. Қазірдің өзінде бізде Араб елдерімен ынтымақтастықтың тиімді үлгілері бар. Қазақстан юрисдикциясында Abu Dhabi Commercial Bank пен Катардың Lesha Bank еншілес құрылымы жұмыс істейді.

Тағы бір үрдіс – бұл цифрландыру. Агенттік жасанды интеллект, блокчейн, Open API технологияларын қоса алғанда, қаржы нарығына цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Қаржылық экожүйелер мен маркетплейстерді дамыту үшін жағдайлар жасалды,  шарттарды қашықтан жасау, KYC рәсімдерін қолдана отырып шоттарды ашу және басқару мүмкіндігі көзделген.

Қазіргі уақытта банк секторында Open API ақпарат алмасу жүйесін енгізу аяқталды. Қор нарығы мен сақтандыру нарығында да осыған ұқсас жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп цифрлық активтерді шығару үшін құқықтық базаны құру бойынша жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта токенделген құралдар бойынша бірнеше пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. 

Біз бағалы қағаздар нарығына ғана емес, сондай-ақ цифрлық активтермен сауда жасауға өзара қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Tabadul Digital Hub-қа қатысушы елдермен ынтмақтастықты күшейтетін боламыз.

Біздің ынтымақтастық барлық қатысушыларды жаңа инвестициялық мүмкіндіктермен қамтамасыз ете отырып, барынша икемді және инновациялық қаржылық экожүйе құруға ықпал ететін болады.