ҚНРДА және «Сбербанк» АҚ ЕБ бірлескен мәлімдемесі

ҚНРДА және «Сбербанк» АҚ ЕБ бірлескен мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «СберБанк» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Банк) АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы    Office of Foreign Assets Control (OFAC) бас лицензия шығарғанын мәлімдейді, оған сәйкес Банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға,2022 жылғы 13 сәуірденбастап2022 жылғы 12 шілдегедейін ұзартылады.

Бұл көрсетілген кезең ішінде Банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар, т.б.) кез келген сомада және қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады.

Бұған дейін OFAC-тың ресейлік «СберБанк» ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдегенін еске түсіреміз.

Көрсетілген қаржы ұйымымен және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.

Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкіқаржылық орнықтылықтыкөрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерінуақтылыорындауда.

Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен1,6 трлнтеңге сомадағыжоғары сапалы несие портфелібар.. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде400 млрдтеңге мөлшеріндекапиталдың жеткілікті қорыбар.

Осылайша, Банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымныңқосымша қолдауыменбірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 

Банкдепозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысыболып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді.

Өз тарапынан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағыахуалға күнделікті мониторингтеуді жүзеге асырадыжәне, қажет болған жағдайда, сыртқы экономикалық тәуекелдердің қаржы нарығының тұрақтылығына әсерін әлсірету үшінқажетті шаралар қабылдайды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz

Қызмет бағыты