Мәдина Әбілқасымова стрестік активтер нарығын дамыту жөніндегі заң жобасын ұсынды

Мәдина Әбілқасымова стрестік активтер нарығын дамыту жөніндегі заң жобасын ұсынды

Бүгін жалпы отырыс барысында ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына Заң жобасын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ұсынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Заң жобасының негізгі мақсаты стрестік активтердің өтімді нарығын нарықтық қағидаттармен дамыту және оларды экономикалық айналымға тарту болып табылады.

Мәдина Әбілқасымова 2016 жылдан бастап банк секторын қалыпқа келтіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде6,7 трлнтеңге сомасындағы стрестік активтер есептен шығарылғанын атап өтті. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стрестік активтер мөлшері2,3 трлнтеңгені немесе банк жүйесі активтерінің6%-ын құрайды.

2019 жылы жүргізілген активтердің сапасын тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша стрестік активтердің үлесі банктердің несие портфелінің21%-ыболып бағаланды. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш8%-данаспайды. Анықталған шығындарды өтеу үшін банктер554  млрдтеңгеге қосымша провизиялар қалыптастырды,128 млрдтеңгеге банктердің  капиталын қосымша ұлғайтты.

«2020 жылдан бастап банктер Агенттіктің келісімі бойынша стрестік активтерді азайту жөніндегі жеке жоспарларды іске асыруда. Екі жыл ішінде 648 млрд теңгегепроблемалық қарыздар есептен шығарылды», - деді Мәдина Әбілқасымова.

 Осы заң жобасы ҚР 4 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді және мынадайнегізгі бағыттардантұрады.

Заң жобасыныңбірінші блогыстрестік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін кеңейтуге бағытталған.

Қазіргі уақытта авторизацияланған сатып алушылар тізіміне екінші деңгейдегі банктер, Проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кіреді, бұл жеке инвесторлардың нарыққа шығуын шектейді. Сондықтан заң жобасымен бұл тізім стрестік активтерді қалыпқа келтіруге және экономикалық айналымға тартуға мүдделі жеке инвесторларды қосу жолымен кеңейтілетін болады.  

Мәдина Әбілқасымова қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында жеке инвесторларғазаңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қарыздарын ғанасатып алуға рұқсат етілетінін хабарлады, яғни заң жобасында жеке тұлғалардың кредиттерін жеке инвесторларға сату көзделмеген.

Заңнамалық бастамалардыңекінші блогыинвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерге қызмет көрсету және оларды басқару қызметтерін көрсететінсервистік компаниялар институтынқұруға бағытталған. Жаңа инвесторлар сатып алынған жұмыс істемейтін кредиттерді сервистік компанияларғасенімгерлік басқаруғабереді деп болжанады.

Сервистік компаниялардың функцияларын банктердің стрестік активтерді басқаруды жүзеге асыратын еншілес ұйымдарына және тиісті тәжірибесі мен құзыреті бар коллекторлық агенттіктерге беру ұсынылады.

«Заң аясындағы деңгейде сервистік компаниялар үшінкапиталдың мөлшері, нарықтағы жұмыс тәжірибесі, мінсіз іскерлік беделініңболуы жәнеқадағалау шаралары мен санкциялардың болмауыжөніндежоғары талаптарбелгіленетін болады», - деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында банктік қарыз және микрокредит шарттары шеңберіндегі кредитордың қарыз алушымен өзара қарым-қатынастарына Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын барлық талаптар мен шектеулержеке инвесторға қолданылатын болады.

Заң жобасыныңүшінші блогыстрестік активтерді экономикалық айналымға тартуды жеделдетуге бағытталған. Түзетулер өндіріп алынған мүліктің банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансында болуы үшіншекті мерзімді 3 жыл депбелгілеуді көздейді.

Осылайша, заң жобасы стрестік активтердің өтімді нарығын нарықтық қағидаттар негізінде дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға және стрестік активтерді еліміздің экономикасына тартуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090,press@finreg.kz

 

Фото ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметімен ұсынылды.

Қызмет бағыты