Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы №68 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулымен банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу тәртібін белгіленеді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/717164?lang=kk) танысуға болады.  

 

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz