Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді  жетілдіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат микроқаржы және коллекторлық қызмет саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынады.

Атап айтқанда, өзгерістер 2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкестендіру мақсатында «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелер» терминдерін «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелер» және өзге де терминдермен ауыстыруға бағытталған.

Сонымен қатар, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларына өтініш берушілердің жарғылық капиталын қалыптастыруға және (немесе) қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алуға пайдаланылатын қаражат көздерін ашу қажеттілігі бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kz