Цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ бойынша ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері және цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдарының эмитенттері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекітуді көздейді.
Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.