Бағалы қағаздар нарығын дамыту және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бағалы қағаздар нарығын дамыту және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы әзірленді (бұдан әрі – Қаулы жобасы).

Жобада басқарушы компаниялар алған зейнетақы активтерінің номиналды табыстылығы мен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу, зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін кеңейту және зейнетақы активтері үшін инвестициялау лимиттері бойынша талаптарды төмендету рәсімдерін жетілдіру мақсатында зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейі бойынша талаптарды қайта қарау жөніндегі бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz