«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – Консультативтік құжат) әзірленгенін хабарлайды.
Консультативтік құжат Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберіндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.
Консультативтік құжат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін қамтиды.
Жобаның толық мәтінімен Ашық НҚА интернет-порталында және агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.