Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау туралы

Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын орналастыру жоспарланып отырғанын хабарлайды.    

Жария талқылау құжат орналастырылған күннен бастап 15 жұмыс күні бойы жүргізіледі. Қазіргі кезеңде құжат пікір білдіру үшін «Салықтар және қаржы» бөлімінде қолжетімді, НҚА түрі – «Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты».

Қызмет бағыты