Бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірленгенін хабарлайды.
Қаулы жобасы номиналды ұстау жүйесінде және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу және тіркеу жүйесінің тетіктерін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Атап айтқанда:
- орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттің дербес шоты бойынша операциялар жүргізу тәртібін нақтылауға;
- шетелдік биржаларда жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысу ұйымына қызметтер көрсету бөлігінде орталық депозитарийдің функционалын кеңейтуге;
- орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде операцияларды жүргізуді оңтайландыруға бағытталған түзетулер ұсынылады.
Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89