Агенттік Басқармасының банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын әзірледі.
Жоба банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді және қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) есептеу тәртібінің тәсілдерін өзектендіруге және оңтайландыруға, сондай-ақ отандық автомобиль өнеркәсібінің дамуын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89