Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату рәсімдерін жетілдіру шаралары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін тоқтататын мәжбүрлеп таратылатын банктерде тарату рәсімдерін жетілдіру мақсатында әзірленді.
Негізгі өзгерістер Қазақстан Республикасының бейрезидент банк филиалының қызметін тоқтататын, таратылатын банктің тарату комиссиясы қабылдайтын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалының қызметін тоқтататын шешімдерді келісу бойынша таратылатын банктің кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кеңейтуге және ескірген құқық нормаларын ауыстыруға бағытталған.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында танысуға болады.