Екінші деңгейдегі банктерде ESG-ақпаратты ашуды енгізу жөніндегі шаралар туралы

Екінші деңгейдегі банктерде ESG-ақпаратты ашуды енгізу жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасы екінші деңгейдегі банктерде экологиялылық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) критерийлері бойынша ақпаратты ашу жөніндегі талаптарды енгізу мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасымен ESG қағидаттарын енгізуге және ESG-ақпаратты ашуға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

 press@finreg.kz

Қызмет бағыты