Реттеушілік әсерді талдауды күтілетін жариялау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы 9 желтоқсан Астана қ. уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап 2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін (3 жұмыс күні ішінде) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталының, «РӘТ» бөлімінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының реттеушілік әсерін талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізудің жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 9 желтоқсан Астана қ. уақыты бойынша күндіз сағат 12.00-де қосымша бейнеконференцбайланыстың өтетіні туралы атап өтеміз.
Қатысам деушілерден қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымы мен ұялы телефон нөмірін Nassikhat.Ibrayeva@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Zoom-ға сілтеме мүдделі адамдардың ұялы телефон нөмірлеріне жіберілетін болады. Барлық туындаған мәселе бойынша +7 (727) 259-8892 жұмыс телефонына хабарласуды сұраймыз.