«Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді (криптовалюталарды) нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ цифрлық технологиялармен өзара іс-қимыл кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды қорғау үшін әзірленді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14444656 интернет-порталынан бөлімінен танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 237-1278
e-mail: press@finreg.kz