«Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі. 

Қаулы жобасы Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) шеңберінде Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк ұсынған шоғырландырылған қадағалауды дамытуға қатысты ұсынымдарды іске асыру мақсатында әзірленді. Құжат Базель қағидаттарының талаптарын ескере отырып, банк конгломератының капиталын есептеуді көздейтін өзгерістер енгізеді.

Конгломерат капиталына қойылатын пруденциялық талаптар конгломераттың инвестицияларды шегергендегі шоғырландырылған капиталы негізінде капиталдың жеткіліктілік коэффициентін есептеуді көздейді. Банк конгломераты капиталының жеткіліктілік коэффициенті 1-ге тең немесе одан жоғары деңгейде белгіленеді, сондай-ақ капиталға өзара қатысу (қосарланған есеп) алып тасталады.

Толық мәтінмен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында "нормативтік құқықтық база"бөлімінде танысуға болады.