Қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы әзірленді.
Жоба білікті инвесторларға арналған қаржы құралдарының тізбесіне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды және басқа түзетулерді қарастырады.
Құжат бағалы қағаздар нарығында біліктілікті инвестор болып табылмайтын тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында әзірленген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15306094) танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы