Коллекторлық агенттіктердің қызметін одан әрі жетілдіру туралы

Коллекторлық агенттіктердің  қызметін одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Коллекторлық агенттіктердің борышкерлердің берешекті реттеу туралы жолданымдарымен жұмысын регламенттеу мақсатында коллекторлардың борышкерлерден келіп түскен және қаралған өтініштерді, сондай-ақ қолданылған реттеу шараларын және берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін есепке алуды жүргізу міндеті енгізіледі.

Осы жобамен қатар коллекторлық агенттіктердің аталған мәліметтерді Агенттікке ұсыну міндетін алып тастауы көзделген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz