"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерімен еңбек шартын лауазымға тағайындау және тоқтату қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы
3 ақпандағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегенін хабарлайды.

Жоба мынадай өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды:

- декларация тапсыруды нақтылау бойынша түзетулер;

- конкурсқа қатысу үшін цифрлық құжаттар ұсыну;

- Агенттік қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс орналасу жөніндегі комиссияны және кадр резервін қалыптастыру жөніндегі комиссияны енгізу;

- Агенттік қызметшісінің бос лауазымға конкурс бойынша орналасуы кезінде кандидаттарды тестілеу тәртібімен толықтыру.

Сонымен бірге, Қағидалардың жобасында конкурсты өткізу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері бөлігінде нақтылайтын редакциялар көзделеді. 

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14446408.

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 237-1228

e-mail: press@finreg.kz