Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.
Қаулы жобасы Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) шығарған борыштық бағалы қағаздарды банктің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің тізбесіне енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.
Қаулы жобасы бағалы қағаздар нарығының тиімділігін арттыру және жоғары сапалы облигацияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі мен Ислам корпорациясының жеке секторды дамыту жөніндегі облигацияларын қосу есебінен сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесі кеңейтілді.
Сондай-ақ, қаулы жобасы құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша анықталған кемшіліктерді өзектендіруге және жоюға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15271175 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.