Қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінде («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 6-1-бабына сәйкес) көрсетілген және қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) мәліметтермен міндетті тексеру немесе қаржы мониторингінің барлық субъектілерінің бенефициарлық меншік иесін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89