Міндетті автосақтандыру құнын есептеу үшін түзету коэффициенттерінің көрсеткіштерін бекіту туралы қаулы қабылданды

Міндетті автосақтандыру құнын есептеу үшін түзету коэффициенттерінің көрсеткіштерін бекіту туралы қаулы қабылданды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету  коэффициенттерінің 2025 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 21 қазандағы № 82 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.

Қаулы «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС Заңы) және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысының талаптарына сәйкес әзірленді.

Қаулымен міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын 2025 жылға арналған түзету коэффициенттерінің мөлшері бекітілді.

КҚИ АҚЖМС Заңына сәйкес сақтандыру ұйымдары жылына бір рет бекітілген түзету коэффициенттерін 10% - ға ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.

Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызмет бағыты