«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»  Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығымен бекітілген әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес (74. Банктерді корпоративтік кредиттеуге, оның ішінде фискалдық және пруденциалдық реттеу шаралары арқылы белсенді қатысуға ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу) мақсатында әзірленді. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банк пен ХВҚ Қазақстанның қаржы секторын бағалау бағдарламасының (FSAP) қорытындылары бойынша ұсынымдарын орындау мақсатында.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15237495) танысуға  болады. 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz