Қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша  Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»  Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы есірткінің заңсыз өндірісіне, айналымы мен транзитіне қарсы іс-қимыл, электрондық казино, интернет-казино және лицензияланбаған цифрлық активтер биржаларының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру жөніндегі шараларды күшейту мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға  болады. 

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

                                       press@finreg.kz