45 күн мерзімге дейін және 50 АЕК-ке дейін сомаға микрокредиттер бойынша талаптар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Басқарманың 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 78 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) 45 күн мерзімге дейін және 50 АЕК-ке дейін сомаға микрокредиттер бойынша реттеудің ерекше тәртібі мен талаптары алып тасталды.
Заңды іске асыру үшін Агенттіктің 2024 жылғы 16 тамыздағы №62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы №45 қаулыларымен «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» бірлескен қаулысы (бұдан әрі – Бірлескен қаулы) қабылданды.
Микрокредиттер «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес болған кезде, бірлескен қаулыға сәйкес 45 күнге дейін және 45 АЕК-ке дейінге сомаға берілген микрокредиттер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерлері күніне 0,3%-ден төмен, бірақ 179%-дан аспайтын мөлшерде белгіленді.
Бұрын «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңда көзделген талаптарға ұқсас 45 күнге дейін және 45 АЕК-ке дейінге сомаға берілген микрокредиттерге қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қаулы қабылданды, онда мыналар көзделеді:
1) міндеттемені бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзім өткен әрбір күн үшін 0,3%-дан аспауға тиіс;
2) қарыз алушының барлық төлемдері Шарттың тұтастай қолданыс кезеңінде берілген микрокредит сомасының жартысынан аспауға тиіс;
3) тараптардың келісімі бойынша қолданыстағы немесе жақсартатын талаптарда микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімін 90 күннен аспайтын мерзімге ұлғайтуға рұқсат етіледі;
4) микрокредит кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген.
Қаулының толық мәтіні Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089