Мәртебесі және (немесе) қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлері нақтыланды

Мәртебесі және (немесе) қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлері нақтыланды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 75 қаулысын қабылдады.

Құжат Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 5 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін қабылданды.

 Заңда «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 3-бабы 1-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылды, оған сәйкес қаржылық мониторинг субъектілері «цифрлық активтерді шығару, олармен сауда-саттықты ұйымдастыру,  сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар» «қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысқа жіберуді жүзеге асыратын тұлғаларға» өзгертілді.

Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін көрсетілген Заңға, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мәртебесі және (немесе) қызметі банкті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату процестеріне әдейі немесе байқаусызда тарту тәуекелін арттыратын «цифрлық активтерді шығару, олармен сауда-саттықты ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар» мәртебесі және (немесе) қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін арттыратын «қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысқа жіберуді жүзеге асыратын тұлғаларға» өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізілді.

 

Қаулының толық мәтіні Агенттіктің интернет-порталында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде қолжетімді.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz