ҚР бейрезидент-заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы

ҚР бейрезидент-заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының әзірленгені туралы хабарлайды.

Қаулы жобасында Қазақстан Республикасының ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі жоқ бейрезидент-заңды тұлғалары үшін балама талаптарды белгілеу көзделеді.

Атап айтқанда, акцияларының бақылау пакеті шет мемлекетке тиесілі банктерге және елдердің уәкілетті реттеушілерінің апасында ақпарат алмасу туралы келісім болатын жағдайда рейтинг бойынша талаптарды қолданбау ұсынылады.

Қаулы жобасын қабылдау қаржы нарығына жаңа қатысушыларды тартуға және бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталынан танысуға болады.

Қызмет бағыты