Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша НҚА қабылданды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 74 қаулыны (бұдан әрі - Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.
Қаулыда мыналар көзделеді:
- қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлескен қызметі туралы шарттың негізінде жай серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын (бұдан әрі – Пул) құру;
- Сақтандыру пулына қатысушыларды қосу және алып тастау, Пулға қатысушылар қабылдаған міндеттемелер бойынша жауапкершілікті бөлу және қайта бөлу тәртібі;
- Пулдың қызметін басқаратын жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау, сондай-ақ Пулды басқарушыны ауыстыру рәсімі;
- ақпараттық жүйедегі ақпараттың сақталуын, шынайылығы мен конфиденциалдылығын қамтамасыз ете отырып, ортақ сақтандыру шарттарын жасау және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін Пулдың жұмысында электрондық ақпараттық жүйелерді (платформаларды) пайдалану мүмкіндігі.
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz