«Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Инвестициялық қорлар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық қорлардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – Консультативтік құжат) әзірленгенін хабарлайды.
Консультативтік құжат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту және оның Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін ынталандырудағы рөлін арттыру үшін инвестициялық қорлар туралы заңнамалық базаны өзектендіру қажеттілігінің негіздемесін қамтиды.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15194446 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.